Жүктеп алу: Ғылыми білім беру орталығы туралы ереже
ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" КМК құрылымында ғылыми-білім беру орталығы (Орталық директорының 29.03.2022 жылғы №4-01-04/104 бұйрығы) жұмыс істейді, ол Орталықтың ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің күш-жігерін біріктіру және үйлестіру мақсатында құрылған.
Негізгі мақсаттар мен міндеттер:
* ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және талдау;
* облыстың медициналық ұйымдары желісінің әртүрлі құрылымдарында және әртүрлі деңгейлерде және т. б. жүрек-қан тамырлары ауруларының көп қырлы проблемаларын бағалау үшін регистрлерді әзірлеу, енгізу және әдістемелік басшылық ету.
Ғылыми зерттеулердің бағыттары терең талдау арқылы Павлодар облысы халқының мүддесі үшін қалыптастырылатын болады:
* жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша эпидемиологиялық деректер;
* аурушаңдық пен ерте өлім қаупінің факторлары;
* кардиологиялық, кардиохирургиялық пациенттерді амбулаториялық бақылаудың ерекшеліктері;
* оның әртүрлі кезеңдеріндегі оңалту шараларының сапасы.
Ғылыми-білім беру орталығы туралы Ереже, басшының, ғылыми қызметкердің және маманның лауазымдық нұсқаулықтары әзірленді.
Орталықта 97 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 5 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 медицина ғылымдарының магистрі, "Менеджмент" мамандығы бойынша 12 магистр.
Мейірбикелердің жалпы санынан "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратураны - 6 адам, мейірбике ісі бойынша академиялық бакалавриатты - 24 адам, қолданбалы бакалавриатты - 4 адам бітірді, қазіргі уақытта академиялық бакалавриатта - 19, қолданбалы бакалавриатта - 4 адам оқиды.
2023 жылы Орталықтың 10 жылдығына арналған халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда кардиология, кардиохирургия және мейірбике ісі бойынша екі пленарлық және 3 секциялық отырыс өтті.
2020 жылы Орталық ғылыми қызметтің субъектісі ретінде аккредиттелген.
Қазіргі уақытта ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлері эхокардиографиялық деректерді өңдеу бойынша пациенттердің медициналық карталарының мұрағатымен жұмыс істейді, 2021 және 2022 жылдардағы ЭХОКГ тіркелімі құрылды.
Орталыққа "ғылыми" мәртебесін беру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.