8 (7182) 390 800
Егер сіздің денсаулығыңыз күрт нашарлап кетсе, жүрек ауруының белгілері пайда болса, бірақ қандай да бір себептермен сіз клиникаға келе алмасаңыз, онда сіз дәрігерді үйге шақыруыңыз керек.
"Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына" 8 (7182) 39 08 00 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз, өтінім қалдырыңыз, дәрігер сізге жақын арада үйге келеді.
Маманды үйге шақырып, сіз білікті медициналық көмек аласыз және ауруды емдеу мен алдын алуға қатысты барлық мәселелер бойынша толық кеңес аласыз. Егер Сізге қажет болса үйге тек қана кардиолог-дәрігері емес, талдаулар алу үшін медбике де келе алады.
Дәрігер емделушіге келе сала алғашқы тексеру өткізеді, сұрақтар береді және денсаулығының жай-күйі туралы деректер жинайды, ары қарай емдеу бойынша ұсыныстар береді. Қажет болған жағдайда, маман талдаулар немесе диагностикалық тексеру тағайындайды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша емделушіге медициналық қорытынды беріледі.