Миссия:
Халықтың өмір сапасын жақсарту және жасын ұзарту мақсатында кардиологиялық науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету.
Мақсаты:
Медициналық көмектің радикалдық интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық түрлерін көрсету.
- Пациент - басты назарда Қауіпсіздік
- Жауапкершілік
- Алқаластық
- Айқындық
- Кәсіпқорлық
Науқас – басты назарда – жоғары сапалы қызмет көрсету үшін әрбір науқастың қажеттілігін бағалау. Науқастың жеке басы мен қадір-қасиетін құрметтеу.
Науқастың қауіпсіздігі – емдеу кезінде науқас денсаулығына тигізетін зиянды неғұрлым азайту болып табылады.
Жауапкершілік – жағдайды жан-жақты талдау, өзінің жасаған іс-әрекеттері мен әрекетсіздік көрсетулерінің салдарын алдын-ала болжау, болып қойған фактілерді қабылдауда өз әрекетінің салдары деп тануға дайындық таныту.
Алқалылық – өзара құрмет пен өзара көмек қағидаттарына сүйене отырып, бірлескен шешім қабылдау.
Айқындылық – жеке және ұжымдық іс-әрекеттерде адалдық пен тәртіп принциптерін сақтау.
Кәсібилік – науқас пен ұжым игілігі үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізуге өз білімі мен тәжірибесін бағыттау.