2008 жылы Павлодар қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Ораз Сәрсенғалиұлы Мұқашевтың бастамасымен денсаулық сақтау басқармасының департамент басшысы Гүлфаз Кенжетайқызы Аубанованың қолдауымен №2 қалалық аурухана базасында 20-төсектік кардиохирургиялық бөлімше ашылып, Ресей, Беларусь, Литва, Израиль жетекші орталықтарында оқудан өткен бірінші бес жергілікті кардиохирург дәрігер дайындалған кезеңді кардиохирургиялық қызмет құрылуының негізгі базасы мен кардиохирургтер командасы қалыптасуының бастауы деп атауға болады.
Жүрекке алғашқы оталарды Қазақстан, Ресей және Беларусьтен шақырылған кардиохирургтер жүргізді. 2012 жылдан бастап біздің мамандар Алмас Мұратұлы Антикеев және Әділ Әділбекұлы Дюржанов кардиохирургиялық оталардың күрделілік деңгейін бірте-бірте арттыра отырып, оталарды өздігінен және ойдағыдай орындай бастады.
Сондықтан, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде, 2013 жылдың 8 қаңтарында "Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы" өз қызметін бастаған кезде бұл қызметтің негізі құрылған болатын. Орталық қуаттылығы 50 төсек-орынды құраған. Павлодар және Шығыс-Қазақстан өңірлерінің ересектері мен балаларына көмек көрсетілді.
2014 жылы Орталық "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" болып аталды. 2015 жылы № 2 қалалық ауруханамен бірікті. Біріктіру нәтижесінде Республикада алғаш рет кардиологиялық кластер құрылды және төсек-орын қуаты 200 төсекке дейін артты. Ал 2016 жылдың қаңтарынан бастап, оның базасында Павлодар қаласының кардиологиялық қызметі орталықтандырылды. Кластер және орталықтандыру облыстың кардиология қызметін үйлестіруге, емдеудің толық циклын қамтамасыз етуге және МСАК байланыс орнатуға мүмкіндік берді.