- Ординатор кабинетінің телефоны: 65-25-96
- E-mail: kardio-centr@mail.ru
Зертхана жоғары технологиялық аппаратурамен және заманауи технологиялармен жасақталған, кардиологияда ЖММК мынандай түрлерін көрсетеді: Электрфизиологиялық зерттеу – арнайы электрод-катетер және тіркеуіш аппаратураны қолдана отыра жүректің ішкі бетінен биологиялық әлеуетін жазып алуға бағытталған емшара.
Өткізгіш жүйенің, жүрекше мен қарынша миокардының электрфизиологиялық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Аритмияның субстраттарын, олардың оқшауларын және электрфизиологиялық сипаттамаларын айқындайды.
Жүрек ырғағының және АВ - торапты тахикардияның негізгі бұзылыстарының, жүрекше дірілінің (жүрекше дірілінің отадан кейінгі және атипиялық түрлерін қоса отыра), қарынша экстрасистолиясының және қарынша тахикардияның абляциясы. Катетерлік абляция жүрек ырғағының бұзылыстарына жауапты жүрек тіндерін оқшалауға және жоюға мүмкіндік береді.
Бұл ота емес, бірақта жергілікті наркоз арқылы амбулаторлық шара қолданылады. Пациентке жайсыздық әкелмейді.
Отадан кейінгі сауығу кезеңі қыска, ал тиімділігі жоғары – катетерлік абляция он жағдайдың алтауына көмектеседі. Бұл оталар ересектерге ғана емес балаларға да көрсетілген.
Ота жергілікті анестезия арқылы жасалады, наркозды қажет етпейді. Ықпалы нүктелі және ауыртпайды. Емшара ұзақтылығы 30 минуттен 1 сағатқа дейін созылады.