- Ординатор кабинетінің телефоны: 65-37-59
- E-mail: kardio-centr@mail.ru
Туа біткен жүрек ақауларына шалдыққан барлық балаларға және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар жасөспірімдерге арнайы ашылған бөлімше. Емдеу спектрі нәрестелердің, емшектегі сәбилердің және балалардың түзету және паллиативтік жүрек хирургиясының барлық түрлерін қамтиді.
Әдетте сәтті аяқталған отадан кейін кішкентай пациенттердің 90 % толық жазылады, және бұдан әрі олардың замандастарының жүрек қызметінен айырмашылығы жоқ.
Балалар бөлімшесінде тамаша жабдықталған ойын бөлмесі бар, балалар сурет салумен, мүсін жасаумен айналысады, бұл әрине оларды уайым мен қорқыныштан алшақтатады.