- Ординатор кабинетінің телефоны: 65-38-54
- E-mail: kardio-centr@mail.ru
- Бөлімше 15 төсек-орынға жасақталған.
Мамандар Қазақстанның кардиохирургиялық орталықтарында, Новосібір қаласындағы академик Е.Н. Мешалкин атындағы ҚП НҒЗИ, Литвада, Беларусьте оқып келді.
Жүрекке оталардың кең спектрі орындалады:
- Жұмыс істеп тұрған жүрекке және жасанды қанайналым арқылы қолқа коронарлық ұштастыру;
- Жүре пайда болған жүрек ақауларында қақпақшаларды механикалық және биологиялық протезбен протездеу және қақпақшалардың пластикасы;
- Ересектердің туа біткен жүрек ақауларын жою оталары;
- Қолқаның өрлемелі бөлігін протездеу бойынша оталар;
- қолқа коронарлық ұштастыру кезіндегі күре тамырлық және артериялық кондуиттерді эндоскопиялық алу.
- Пациенттердің палаталары жайлы, орталықтандырылған бақылаумен жасақталған озық құралдармен қамтылған.
VIP-палатасы да бар.
Бөлімше жұмысының жоспарында – ауыр жүрек тапшылығына шалдыққан пациенттердің жүректің сол жақ қарыншасына (VAD) қосымша қанайналым құралды имплантациялау бойынша оталар жасау.