Тұрғындар НАЗАРЫНА!
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Кардиологиялық клиниканың (Луначарский к., 1) корпусында қазірдің өзінде 170 төсектік провизорлық стационар жасақталған, бүгінде 190 науқас жатыр.
2 кезеңгі оңалту бөлімшесінде (Усолка 60) балаларға арналған провизорлық стационар бар.
2020 жылғы 1 шілдеден бастап пневмонияға шалдыққан пациенттерге көмек көрсету бойынша шаралар күшеюіне байланысты, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ базасында (Ткачев көш. 10/3) 100 ТӨСЕКТІК ҚОСЫМША ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР ЖАСАҚТАЛДЫ
Осыған байланысты, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Ткачев 10/3 корпусы келесі жұмыс режиміне көшеді:
Екі қабылдау бөлімі ашылды:
БІРІНШІ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫ - рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесі жағынан (таза аймақ) - пациенттерді жіті коронарлық синдроммен (ЖКС, немесе инфаркт) шұғыл қабылдау үшін. Емдеуге жатқызу жіті айғақтар болған кезде ғана.
Провизорлық стационардың ЕКІНШІ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫ - кіру «Анықтама үстелі» жағынан – жоғары температуралы және пневмониямен пациенттерді қабылдау және емдеуге жатқызу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС АЗАМАТТАРЫ!
Орталықтың кадрлық, дәрі-дәрмектік және техникалық резерві пневмонияға шалдыққан науқастарға көмек көрсетуге бағытталған!
Сіздерден қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз!
Бұл Сіздің және сіздің жақындарыңыздың өмірін құтқаруға көмектеседі.