Біздің орталықта ашылған сәттен бастап жүрек клапандарына операциялар сәтті жүргізілуде.
Клапанның жағдайына байланысты біз оны ауыстырамыз немесе түзетеміз.
2013 жылы бізге Б. атты пациент жүгінді, ол кезде ол 25 жаста еді. Оған клапанды протездеу операциясы қажет болды..., біз оны биологиялық протезбен алмастырдық.
Әдетте, жүрекке операция жасаған жас әйелдерге ана болу қиын, өйткені жүктілік жүрекке үлкен жүктеме береді.
Алғашқы операциядан бері 8 жыл өтті, ал біздің науқас үш рет ана болды.
8 жыл ішінде үш жүктілік сияқты жүктемені ескере отыра, клапан аздап "шаршады", жарамсыз болып қалды.
Осы жылдың мамыр айында ол біздің орталыққа қайта жүгінді.
Ол жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылды және сақтандыру медицинасы аясында ескірген протезді жаңасына ауыстырды.
Науқас үйге сәтті шықты.