ОПЕРАЦИЯ БӨЛМЕСІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Науқас К., 1961 жылы туған.
Жұмыста өзін нашар сезінді.
Жұмыстан келіп, үйдің табалдырығын аттаған науқас, жұбайына өзінің қал-жағдайы жаман екенін айта алды, сол кезде оның жүрегі тоқтап қалды.
Күйеуі жедел жәрдем бригадасын шақырды және ол келгенге дейін жүректің тікелей емес массажын жасады.
Жұбайының дұрыс әрекеттерінің арқасында шақыруға келген жедел жәрдем бригадасы жүрек қызметін қалпына келтіре алды, содан кейін пациент ес-түссіз жағдайда Луначарский көшесі, 1 мекенжайдағы кардиоклиникаға жеткізілді.
Клиникада шұғыл түрде коронарография жүргізілді және миокард гипертрофиясының салдарынан алдыңғы қарыншааралық артерияның зақымдануы анықталды, яғни артерия айналасында жүрек бұлшықетінің өсуі байқалды, ол артерияны қысып, қан ағымын тежеді және миокард инфарктісін қоздырды, жүрек ұстамасын тудырды.
Жағдайды тұрақтандырып, дене функцияларын қалпына келтіргеннен кейін науқасқа маммокоронарлық айналып өту жүргізілді, зақымдалған артерияны айналып өтіп, жүрекке жаңа артерия тігілді.
Науқас үйге сәтті шығарылды.
Павлодар облысының дамуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ коронавирустық инфекциясымен күресте көрсеткен кәсібилігі мен жанқиярлығы үшін Павлодар кардиологиялық орталығының кардиологиялық клиникасының бас дәрігері Гүлмира Нұрмұхамбетқызы Шәкірова, "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Гүлмира Нұрмұхамбетқызы денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек етеді.
Өзінің еңбек жолын 1991 жылы Павлодар қаласының 1-ші қалалық ауруханасында интерн дәрігері болып бастады.
1992 жылдан бастап емхананың учаскелік терапевті.
1995 жылдан бастап кардиологиялық науқастарға қызмет көрсету үшін реанимация бөлімшесінің дәрігері.
2004 жылдан бастап №2 қалалық аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
2010 жылдың мамыр айынан бастап ШЖҚ "№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2012 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылға дейін "№ 2 ҚА" бас дәрігері.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – кардиологиялық орталықтың кардиологиялық клиникасының бас дәрігері.
Науқастарды тексеру мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген білікті маман. Ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы инновациялық әдістердің пульсында үнемі қолын ұстайды. Тамаша менеджер, керемет және жанашыр адам.
Гүлмира Нұрмұхамбетқызы! Сізді лайықты марапатпен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!
Наурыз мерекесі қарсаңында Павлодар облыстық «Алтын сақа» ұлттық асық ойын федерациясы «JEBE»коғамдық ұйымымен бірлесе отырып, 18 наурызда "Toraighyrov University» КЕАК қолдауымен асық атудан бірінші турнир өткізді.
Кардиологиялық орталық командасы «Асыл жүрек» құрамында кардиохирург дәрігерлер Асқар Мұратұлы Әбілтаев пен Думан Ержанұлы Изгуттинов жарысқа қатысып, жүлделі III орынды иеленді.
Жеке есепте біздің жігіттер II орынды иеленді.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!