30-31 қазанда Павлодар өңірінде «Дені сау әйел – салауатты кәсіпорын» пилоттық жобасы іске қосылды.
«АМАНАТ» партиясы Павлодар облыстық филиалының әйелдер қанаты «Шығыс» разрезі, Екібастұз ГРЭС-1, Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істейтін әйелдерге арналған ақпараттық-сауықтыру шарасын өткізді.
Кездесу «Қан айналымы жүйесі ауруларының (артериялық гипертензия, цереброваскулярлық бұзылулар), жатыр мойны және сүт бездері ауруларының алдын алу» тақырыбына арналды.

Спикерлердің құрамында облыстық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары болды:
- Кардиологиялық орталығының директоры Гүлжанат Ертайқызы Джакова, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, қан қысымын бақылау, жүрек-қан тамырлары ауруларының белгілерін ерте анықтау және медициналық көмекке жүгіну жолдары туралы ұсыныстарымен бөлісті;

- Онкодиспансердің диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Владимирович Борисенко, сүт безі обыры мен ұрпақты болу жүйесінің қатерлі ісігін ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы айтты;

Екібастұз қаласындағы №3 емхананың меңгерушісі Тоғжан Қабылтаева әйелдер денсаулығының негізгі аспектілеріне тоқталып, жүйелі түрде профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламалардың қажеттігін айтты.
Жоба ерте диагностика және алдын алу шаралары туралы хабардарлықты арттыруға, әйелдер денсаулығына қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға және әйелдер тек жұмыс дағдыларын ғана емес, сонымен қатар өз денсаулығына да қамқорлық жасайтын компанияларда қолайлы орта құруға бағытталған. Біз аймақтағы әйелдер денсаулығын сақтауға және жақсартуға көмектесетін бастамаларды қолдауды жалғастырамыз.


