Қазақстандық парламентаризмнің 25 жылдығына
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996 жылғы 30 қаңтарда Сенат пен Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің алғашқы шақырылымының бірінші сессиясы өткен кезден бастау алады.
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламентін құруды ел шежіресі мен оның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы маңызды оқиға екендігін атап өтті. «Біз Қазақстанда шынайы, өркениетті парламентаризм құрудың алдында тұрмыз», – деді Елбасы.
Бүгінде Қазақстан Парламенті – ұлттық мемлекеттіліктің негіздерін бекітуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттік билік органы. Депутаттардың басты міндеті – сапалы заңдар қабылдау және қоғамның өзекті мәселелерін шешу.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауындағы парламентшілерге арнаған сөзінде: Қос палата бірлесіп, елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптастырды... Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек. Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер», – деген болатын.
Адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және халықтың денсаулығын қорғау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін:
Павлодар облысы әкімінің атынан сертификатпен -
реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Инна Владимировна Гловацкая
және кардиохирургтар бригадасы орталық;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен -
кардиолог дәрігер Ақерке Гайдарқызы Ақылжанова;
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен -
кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Майра Нұрқасқызы Әбішева марапатталады.
Мамандардың жіті бақылауымен, пациент физиопроцедуралардың барлық кешенін, емдік дене шынықтыру мен психологиялық қолдауын алады.
Біздің ОРТАЛЫҚТА ОҢАЛТУДЫҢ II кезеңі мынадай емделушілерге көрсетілген:
ашық жүрекке операция жасағаннан кейін;
инфаркттан кейін тек тамырланбаған (стенттеусіз және т. б.);
инсульттан кейін (шектеулер бар: шағын зақымдану, тұрақты гемодинамика, плегияның болмауы).
ОҢАЛТУДЫҢ II КЕЗЕҢІНЕН ҚАНША РЕТ ӨТУГЕ БОЛАДЫ
алғашқы оңалтудан Сіз бірден немесе шығарылғаннан кейін 30 күн ішінде өте аласыз;
одан кейін оны 9 ай ішінде бірнеше рет өтуге болады;
Оңалтудың II кезеңіне емдеуге жатқызу санын алғашқы түскен кезде орталықтың мультидисциплинарлық тобы айқындайды.
9 ай өткеннен кейін III кезең басталады, ол емханалардың медициналық оңалту бөлімшелерінде және санаториялық ұйымдарда жүргізіледі.
БІЗДІҢ БӨЛІМШЕ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЛТУДЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНЕН ӨТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Стационардан шыққаннан кейін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге қаралу қажет, дәрігер Сізді емдеуге жатқызу порталына қояды.
Оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізіледі.
Біздің орталықта ашылған сәттен бастап жүрек клапандарына операциялар сәтті жүргізілуде.
Клапанның жағдайына байланысты біз оны ауыстырамыз немесе түзетеміз.
2013 жылы бізге Б. атты пациент жүгінді, ол кезде ол 25 жаста еді. Оған клапанды протездеу операциясы қажет болды..., біз оны биологиялық протезбен алмастырдық.
Әдетте, жүрекке операция жасаған жас әйелдерге ана болу қиын, өйткені жүктілік жүрекке үлкен жүктеме береді.
Алғашқы операциядан бері 8 жыл өтті, ал біздің науқас үш рет ана болды.
8 жыл ішінде үш жүктілік сияқты жүктемені ескере отыра, клапан аздап "шаршады", жарамсыз болып қалды.
Осы жылдың мамыр айында ол біздің орталыққа қайта жүгінді.
Ол жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылды және сақтандыру медицинасы аясында ескірген протезді жаңасына ауыстырды.
Науқас үйге сәтті шықты.
құттықтай отыра, тәтті сыйлықтар мен "Медбике" тақырыптық кітап басылымын табыстады.
сақтау басқармасымен бірлесе отыра, өңірдің орта медициналық қызметкерлері арасында бірнеше номинация бойынша байқау өткізді.
Шұғыл кардиология бөлімшесінің және инсульт орталығының аға медбикесі
АНАР СЕЛСОВЕТҚЫЗЫ ТҮСІПХАНОВА "Сенімділік және к әсібилік" номинациясында жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ үздіктердің үздіктері марапатталды:
Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен:
Гүлжамал Әйтенқызы Букаева;
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен марапатталды:
Сариева Анар Темірбайқызы;
Қожахметова Алма Қонайқызы;
Бекшенова Айнаш Васильевна.
Біз сіздерді мақтан тұтамыз!!!