Павлодар кардиологиялық орталығында операция жасалды - қайтыс болған донордың ағзаларын алу жүргізілді.
39 жастағы науқас геморрагиялық инсульт диагнозымен кардиологиялық орталыққа түскен. Өкінішке қарай, жағдайы ауыр болып, комаға түсті. Кейін дәрігерлер консилиум арқылы ми өлімін растады.
Науқастың отбасы батыл шешім қабылдап, ағзаларын донорлыққа беруге келісімін білдірді. Бұл өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Ағзаларды алу жұмысына Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен «UMC» корпоративтік қорының трансплантолог дәрігерлері қатысты.
Нәтижесінде жүрек, бауыр, екі бүйрек сәтті алынып, трансплантацияланды.
Донор отбасының шешімі мен медицина мамандарының үйлесімді еңбегінің арқасында «күту парағындағы» науқастарға өмір сыйлау мүмкін болды
Алынған ағзалар жедел түрде Бірыңғай республикалық донорлар мен реципиенттер регистріндегі пациенттерге жеткізілді. олар үшін трансплантация жаңа өмірге мүмкіндік болды.
Кезекте тұрған алты науқасқа өмір сүруге мүмкіндік берілді.
Бүйректің біреуі балаға салынды, бұл ерекше маңызды.
Науқастың отбасына олардың батыл шешімі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Жақындарының осы қадамы бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осындай шешімдердің арқасында біз үмітке мұқтаж жандарға жаңа өмір сыйлай аламыз.


