ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК – ның (бұдан әрі – кардиологиялық орталық) 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) тиімді және серпінді дамуды қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық қағидаттар мен бағыттарды айқындайды.
Осы Стратегияны іске асыру пациенттерге жоғары технологиялық кардиологиялық, кардиохирургиялық, неврологиялық және нейрохирургиялық медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, қан айналымы жүйесі ауруларынан (бұдан әрі – ҚЖА) сырқаттанушылықты, өлімді, мүгедектікті төмендетуге және Павлодар облысы халқының өмір сүру ұзақтығын арттыруға арналған.
Осы Стратегияны іске асыру:
* халыққа жоғары технологиялық көмек көрсетуді одан әрі серпінді дамытуға және жетілдіруге;
* халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға;
* клиникалық практикаға заманауи медициналық технологияларды енгізу, озық халықаралық тәжірибе трансфертіне;
* бейінді мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға;
* өндіріс тиімділігінің өсуіне және жұмыстың негізгі көрсеткіштерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге;
* әкімшілік ресурстарды ұтымды бөлуге бағытталған персоналды басқарудың тиімді жүйесін құруға ықпал ететін болады.