Жүректі тоқтатпай жамбас артериясын тесу арқылы рентгендік бақылаумен клапан ауыстыру.
Қолқа ақауы жүректің бұлшық етін және бас миын қоректендіретін тамырлар зақымдануымен, созылмалы өкпе, бауыр ауруларымен, эндокриндік патология және онкологиямен үйлесуі мүмкін. Сонда стандартты ашық араласу пациент үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Осындай жағдайларда қолқа ақауларын емдеу әдістерінің "арсеналында" операциялық қауіпті бірнеше есе азайтатын технологиялар бар.
Жоғары қауіп жағдайларда қолқа қақпақшасын ауыстыру рентгендік бақылаумен жамбас артериясын тесу арқылы, бірақ, ең бастысы жүректі тоқтатпай және жасанды қан айналымын пайдаланбай орындалады.
Пациенттер бастапқы жағдайының ауырлығына қарамастан, операциядан кейін тез арада оңалту процесін белсенді бастайды және кардиологтың ұсыныстарымен амбулаторлық бақылау үшін шығарылады.