Коронарлық арнаның көптеген тамырлары зақымданған кезде қан айналымын қалпына келтіру үшін қолданылатын емдеу әдісі.
Араласу схемасы
Әдістің мәні мынада: хирург коронарлық артериялардың қан айналымы бұғатталған учаскелерін айналып өту үшін "шунт" жасайды (қосалқы тамыр). Шунт ретінде пациент денесінің басқа жерінен алынған тамыр қолданылады. Осы хирургиялық араласу түрінің негізгі міндеті - қан ағысын жақсарту.
Коронарлық ұштастыру схемасын жүргізу
Шунттың арқасында коронарлық артерияның бітелген учаскесінің айналасында қанның "айналма жолы" пайда болады. Осының арқасында жүрекке түсетін қанның мөлшері көбейіп, миокард ишемиясы, және стенокардия талмасы жойылады.
Операциялық емдеуден кейін науқастардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жоғарылайды: еңбек қабілеті қалпына келтіріледі, физикалық жүктемелер қол жетімді болады, кенеттен өлім қаупі төмендейді.
Қолқа-коронарлық ұштастыру түрлері (ҚКҰ)
- Жасанды қан айналымы және кардиоплегиямен ҚКҰ;
- Жасанды қан айналымысыз жұмыс істеп тұрған жүрекке ҚКҰ;
- Жасанды қан айналымы арқылы жұмыс істеп тұрған жүрекке ҚКҰ;
Орталық мамандары хирургиялық практикада коронарлық ұштастыруды орындау әдістемелерін барлық түрлерін қолданады. Араласудың түрі мен көлемін хирург диагностикалық процедуралар нәтижелері бойынша анықтайды.
Классикалық коронарлық ұштастыру тоқтап тұрған жүрекке жасанды қан айналымы ағысы жағдайында жүргізіледі. Мұндай әдістеме хирургке ауқымды манипуляциялар мүмкіндігін қамтамасыз етеді,өйткені ол жіктерді кедергісіз және дәл салуға және оң нәтиже алуға мүмкіндік береді.
2016 жылы Орталық мамандары жүректің ишемиялық ауруын емдейтін аз жарақатты жаңа технологиясын енгізді - жұмыс істеп тұрған жүрекке жасанды қан айналымы аппаратын (MIDCAB) қолданбайтын шағын тілік арқылы коронарлық ұштастыру. Шағын тілік арқылы коронарлық ұштастыру, сол жақ қарынша миокарданың үлкен бөлігін жабдықтайтын алдыңғы артериясы зақымданған жағдайда қолданылады.Ол үшін сол жақтан бесінші қабырға аралықта өлшемі 8-10 см тілік жасайды. Бұл операцияны емделушілерге тамырдың тарылып зақымдалған жерін баллондау немесе стенттеу көмегімен орындау мүмкін болмаса жүргізеді.
Шағын тілік арқылы коронарлық ұштастырудың негізгі артықшылығы стернотомияны (төсті тілу) болдырмау мүмкіндігі болып табылады. Осының есебінен пациент операциядан кейінгі кезеңде өзін жақсы сезінеді, тезірек қалпына келеді: жоғарғы иық белдеуін жүктеуге, бүйірімен ұйықтауға, төсектен бұрын тұруға мүмкіндік береді. Бұл фактор ілеспе аурулары бар науқастар үшін маңызды, өйткені оларға жедел араласу кезінде зақымдануды азайту қажет.
Шағын тілік арқылы коронарлық ұштастыру кезінде хирургтер шунт ретінде тамырды емес артерияны пайдаланады. Зерттеулер дәлелдейді, аутоартериалдық графтарды пайдалану шалғай кезеңде (10 жылдан кейін) оң нәтижелерді береді: пациенттердің 90-95% шунт өтімді. Тамырлық шунт кезінде 5 жылдан кейін жағдайлардың жартысында қайта операция жасау талап етіледі, сондықтан шағын тілік арқылы коронарлық аутоартериалдық ұштастыру жас пациенттерді емдеудің басым әдісі болып табылады.
Қолқакоронарлық ұштастыру қолқа және коронарлық артериялар бөлімшесінде орындалады.