Өмірге қауіп төндіретін аритмияны жою және жүрек тоқтап қалудың алдын алу үшін арналған аспап имплантациясы.
Имплантациялатын кардиовертер-дефибриллятор (ИКД) - өмірге қауіп төндіретін аритмияны жою және жүрек тоқтап қалудың алдын алуға арналған аспап.
Ересектерге аспаптың имплантациясы жергілікті анестезия арқылы жүргізіледі, наркоз, әдетте, балаларға ғана қолданылады. Бұғана астында шағын тілік жасайды және бұғаналық тамырға рентген бақылаумен жүрек ішіне электрод енгізіледі. Электродтың сыртқы ұшы бұғана астындағы майлы жасұныққа батырылады және өз аппаратымен жалғанады. Содан кейін тілік тігіледі.
Операциядан кейін 1-2 күн ішінде аппарат бағдарламалауы жүргізіледі. Бұл ауырмайтын емшара, қайта хирургиялық араласуды талап етпейді.
Барлық ИКД ауыстыруды қажет етеді. Ауыстыру жиілігі құрылғы түріне және батарея сарқылуының жылдамдығына байланысты болады, оған қауіпті аритмиялар пайда болу жиілігі, электрокардиостимулятор ретінде ИКД жұмыс істеу қажеттілігі, ИКД бағдарланған қосымша диагностикалық және емдеу қызметтері әсер етеді.
Егер дефибрилляциялық күйзелістер талап ететін қауіпті аритмия болмаса, аппарат көптеген жылдар бойы "күту" режимінде болуы мүмкін. Ауыстыруды күту кезеңінде пайда болуы мүмкін аритмияны жою үшін әлі де жеткілікті энергия болғанда ИКД алмастырады. ИКД реимплантациясы, әдетте, қысқа мерзімді процедура. Егер электродтар жақсы жұмыс істеп тұрса, оларды жаңаға ауыстырмайды, басқа аппаратқа жалғастырады.