Шағын инвазивтік араласу:аритмия ошағын жоғары жиілікті ток көмегімен жояды, жергілікті анестезияға арқылы орындалады.
Катетерлік (радиожиілік) аблация - тіліктер мен наркозсыз (шағын инвазивті) орындалатын жүрек ырғағы бұзылуының хирургиялық емделуі. Аритмия ошағы жоғары жиілікті (немесе радиожиілікті) 400-500 кГц ток көмегімен жойылады.
Операция қалай өтеді?
Емшара жергілікті анестезия арқылы рентген операциялық бөлмеде өткізіледі. Бірінші кезеңде пароксизмалды тахикардия (WPW синдромы, АВУРТ немесе САРТ) түрлерін анықтау үшін жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу орындалады. Осыдан кейін жүрек ішіне аблациялық электрод енгізіледі, ол арқылы аритмия аймағына радиожиілік ток ықпалын жүзеге асырады.
Әдетте радиожиілік аблация орындау ұзақтығы 1-3 сағатты құрайды, ал оның тиімділігі 95-100% жақындайды. Операцияға дейінгі кезінде және операциядан кейінгі кезеңде медициналық персоналдың барлық нұсқауларын дәл және толық орындау, асқынулар қаупін азайтуға мүмкіндік береді.