Аритмияны экстремалды суық әсерімен емдеу. Емшара мақсаты жүрек ырғағы бұзулуына әкеп соғатын жүрек жасушаларын «қатырып тастау».
Криоаблация - экстремалды суық әсеріне негізделген жүрек аритмияның емдеу әдісі. Емшара кезінде жүрек ырғағын бұзушы жүрек жасушалары "тоңазытылады" және ритм синустыққа оралады.
Ота қалай өтеді?
Хирургиялық араласу жергілікті анестезиямен тіліксіз жүргізіледі. Арнайы катетер артерияға енгізіледі және жүректің қантамырларына жіберіледі.
Дәрігер катетер ұшы арқылы аритмия ошағын табады, жүрек тінінің учаскелері бұл жерде тоңазытылады.
Нәтижесінде зақымдалған жасушалар электр серпін өткізу қабілетін жоғалтады және жүректің электр өткізгіш жүйесінен ажыратылады. Осының арқасында ырғақ бұзылуы жойылады.