Қан ағымын хирургиялық қалпына келтіру жергілікті анастезия арқылы орындалады және рентген-мониторлар көмегімен бақыланады
Коронарлық артерияларды стенттеу (тері арқылы коронарлық араласу) тромбты жоюға және зақымданған артерия саңылауын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жүректің ишемиялық ауруын емдеу әдістерінің бірі болып табылады.
Көрсеткіштері
Егер коронарография кезінде коронарлық артерияларының маңызды тарылуы табылған болса, екінші кезеңде коронарлық стенттеу өткізіледі.
Бұл араласу қалай өткізіледі?
Стенттеумен бірге коронарлық ангиопластика орындау кезінде санның немесе қолдың тамырына арнайы катетер енгізіледі және ол стеноз деп аталатын коронарлық артерияның тарылған жеріне жүргізіледі. Хирург катетер арқылы тарылған учаскесіне үрілген шарик (баллондар) тәрізді және онда орналасқан стентті енгізеді.
Коронарлық стенттеу емшараның негізі – лайықты диаметрлі баллондық катетерді рентгеноскопияның бақылауымен тамырдың жіңішке жеріне еңгізу және оны ары қарай кеңіту. Осы кезде атеросклеротикалық бляшка «мыжғылады», жүрек артериясының саңылауы кеңиді. Тамыр кеңігеннен соң темір қаңқа – стент орнатылады.
Бұл хирургиялық араласудың артықшылығы - оңалту кезеңнің жоқтығы. Пациентке төсек режимін сақтау талап етілмейді, және ол операциядан кейін бірнеше күн ішінде өзінің әдеттегі өмір салтына қайта оралуы мүмкін.