Сипаттамасы
Қатерсіз немесе қатерлі түзілімдерді анықтау үшін биопсия кезінде алынған тіндердің талдауы.
ҰМЗО құрылымындағы клиникалық бөлімшелеріне сәйкес гистологиялық материалдың, қатерлі ісік және ісікке ұқсас процестерді қоса алғанда, морфологиялық диагностикасын жүзеге асыру мүмкін:
- ас қорыту жүйесі;
- өкпе, өкпе қабығы, тимус және жүрек;
- жұмсақ тіндердің және сүйектердің;
- сүт безі;
- зәр шығару жүйесінің және әйел жыныс органдары.
Негізгі онкоморфологиялық бағыттары болып табылады:
- жұмсақ тіндер мен сүйектер саркомасының диагностикасы;
- өкпе обырының диагностикасы;
- қуық асты безінің обыр алды жағдайы және обыр диагностикасы;
- сүт безі обырының диагностикасы.
Қызметтердің және бағалардың толық тізімімен осы жерде танысуға болады.