Құрсақ қуысы органдарын ультрадыбыстық зерттеу органдар ауруларын уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Ультрадыбыстық зерттеу құрсақ қуысы ауруларының диагностика әдістерінің бірі болып табылады.
УДЗ көмегімен бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің құрылымы мен мөлшері зерттеледі. Алайда, бұл әдіс асқазан және ішекті зерттеуге мүмкіндік бермейді.
Бұл зерттеу не береді?
УДЗ көмегімен өт қабының мөлшері мен жолдарының диаметрін өлшеуге болады; өт қабы қабырғаларының қабынуын көруге болады. Сондай-ақ, құрсақ қуысының басқа да органдарын: бауыр, ұйқы безі, көкбауыр зерттеу мүмкін. Кейде УДЗ жеткілікті ақпаратты береді және одан әрі зерттеу талап етілмейді.
Бұл зерттеу қалай өтеді?
Іш қуысы органдарын зерттеу аш қарынға (таңертең) жүргізіледі, түстен кейін - кемінде 6-8 сағат аштықтан соң. Толық науқастарға зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын 2-3 капсуладан күніне 2-3 рет зерттеу күні таңертен эспумизан тағайындалады. Диета - ішекте ашу туғызатын қышқыл сүт өнімдері, көкөністер, жүзім мен басқа да өнімдер алып тасталсын. Ішке мөлдір гель жағылады, ол ультрадыбыстық сәулелерге тері арқылы енуді жеңілдетеді. Арнайы датчик көмегімен ультрадыбыстық сәулелер ішкі органдарға жіберіледі. Датчик іштің бүкіл жеріне жылжиды. Дәрігер органдар суретін экранда көреді. Сапалы бейнеге қол жеткен кезде, оны тіркеп және басып шығару керек. Сөйтіп, өт қабы, өт жолдары мен бауырдың суреті алынады. Егер тастар бар болса, олар да жақсы байқалады.