Физикалық жүктеме кезінде жүрек ырғағын және қан қысымын бағалау үшін жүректің жай-күйін зерттеу әдісі.
Тредмил-тест – бұл науқастардың миокард инфарктісі, стенттеу, қолқа-коронарлық ұштастырудан кейінгі жай-күйін физикалық жүктеме кезінде бақылау үшін қолданылатын жүрек жай-күйінің, оның ырғағы, сондай-ақ артериялық қысым көрсеткіштерін зерттеу әдісі. Зерттеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Бұл зерттеу қалай өтеді?
Компьютерге қосылған электродтар пациенттің денесіне қойылады, олардың көмегімен нақты уақыт режимінде ЭКГ жазылады. Пациент тест кезінде қозғалатын жол (тредмил) бойынша жүреді. Жүктеме әр 3 минут сайын өзгереді (қозғалыс жылдамдығы мен жолдың көтерілу бұрышы ). Зерттеу алдында және зерттеу бойы дәрігер науқастың артериялық қан қысымын, электрокардиограмманы және оның жай-күйін бақылайды. Зерттеу нәтижесі әдетте ол аяқталғаннан кейін 10 - 20 минут ішінде дайындалады.
Электрокардиографиялық жүктемелерге қол жеткізгеннен кейін (оны дәрігер анықтайды), белгілі бір жүрек жиырылуының жиілігіне жеткенде науқаста шағымдар пайда болған кезде зерттеу тоқтатылады.
Зерттеуге көрсеткіштер
- ЖИА диагностикасы;
- стенокардия ауырлығын анықтау, оны емдеу тиімділігін бағалау;
- кардиологиялық науқастарда болжауды бағалау;
- кардиологиялық науқастарды оңалту үшін жаттығу жүктемесін таңдау.
Қарсы көрсетілімдері
- қан айналымының айқын жетіспеушілігі
- қолқалық айқын стеноз
- миокард инфарктісінен кейінгі кезең (2 апта)
- сол жақ қарыншаның инфаркттан кейінгі аневризмасы
- инсульттен кейінгі кезең (6 ай)
- жіті эндокардит, перикардит, миокардит
- өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- қолқаның қатпарлану аневризмасы
- тұрақсыз стенокардия болуы
- жүрек ырғағы бұзылуының кейбір түрлері
- жүрек өлшемінің айтарлықтай ұлғаюы
- өкпелік гипертензия
- артериялық гипертензия систолалық қан қысымы 170 мм сын. бағ. жоғары деңгейде, диастолалық қан қысымы - 130 мм. сын. бағ. жоғары