БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
  • Директор
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желі
ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ
  • Клиника
    • Кардиохирургиялық клиника
      • Рентгенэндоваскулярлы хирургия зертханасы
      • Экстракорпоралды қан айналымы және трансфузиология (ЭКҚжТ) зертханасы бар операциялық блок.
      • Электрофизиологиялық зерттеулер зертханасы (ЭФЗ)
      • Қосалқы бөлімшелер
      • Кардиохирургия бөлімі
      • СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БӨЛІМШЕСІ (СЖЖ)
      • ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ
    • Кардиологиялық клиника
      • Бөлімшелер
      • ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ
      • ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ
      • ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІ
      • ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ (ГБО)
      • ТҰЗ ҮҢГІРІ
  • Миссиясы, мақсаты, көрінісі
  • Басшылық
  • Құрылу тарихы
  • Қызмет көрсету сапасы
  • Құрылымы
  • Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
  • Құрылтай құжаттары
  • Стратегиялық жоспар.
  • Қызмет көрсету келісімдері
  • ӘДЕП КОДЕКСІ
CHECK-UP
МЕН ҚАЛАЙМЫН
  • Дені сау болу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Қабылдауға жазылу
  • Қоңырау шалу
ПАЦИЕНТ ҮШІН
  • Мамандардың қабылдау кестесі
  • Прейскурант
  • Пайдалы ақпарат
    • А-дан Я-ға дейін энциклопедия
    • Пікірлер және ұсыныстар
  • Артықшылықтар
  • КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
  • Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
  • КТ и МРТ
  • Рұқсат етілген және тыйым салынған өнімдердің тізбесі
  • ПАЦИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
  • МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТІЗБЕСІ
    • МӘМС ҚҰРАМЫНА НЕ КІРЕДІ
    • ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
    • МӘМС-ке ҚАТЕ АУДАРЫЛҒАН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАЙТАРУ
    • МӘМС-КЕ АЛДЫН-АЛА ТӨЛЕМДІ ҚАЛАЙ ЖАСАУҒА ЖӘНЕ БІР ЖЫЛ БҰРЫН МӘРТЕБЕНІ АЛУҒА БОЛАДЫ
  • ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІНІҢ ТІЗБЕСІ
  • АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ЕМДЕУ
СҰРАКҚТАР ЖӘНЕ ЖАУАПТАР
  • Пікір қалдыру
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
  • Диагностика
  • Стационар
    • Кардиохирургиялық емдеу
      • Туа біткен жүрек ақауларын емдеу
      • Жүректің ишемиялық ауруын емдеу
      • Жүрек ырғағы бұзылуын емдеу
      • Жүре пайда болған жүрек ақауларын емдеу
  • Консультация
    • МРТ, КТ, Рентген
      • МРТ
      • КТ
      • Рентген
    • Ультрадыбыстық зерттеулер
      • Құрсақ қуысына УДЗ
      • Ересектерге және балаларға жүректің УДЗ
      • Қантамырларды УДЗ
      • Өңешаралық ЭХОКГ
    • ЭКГ, Холтерлік мониторлау, Тредмил тест
      • Тредмил-тест
      • Холтерлік мониторлау ЭКГ және АҚ
      • ЭКГ
    • Эндоскопия
      • Эзофагогастродуоденофиброскопия (ЭФГДС)
АҚПАРАТ
  • Мемлекеттік сатып алу
    • Мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарландыру
      • 2021 ж.
      • 2022 ж.
      • 2023ж
      • 2024 ж.
      • 2025 ж.
  • bacillus.kz
  • Корпоративті басқару
    • Бақылау кеңесінің құрамы
    • Корпоративтік басқару құрылымы
    • Корпоративтік құжаттар
    • Нормативтік құқықтық актілер
    • Өткізілген отырыстар бойынша есеп
  • НПА
    • Бұйрықтар
    • ҚР заңы
    • Кодекстер
    • Жарғылар
  • Халыққа жадынама
    • Емханаға тіркелу
    • Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
    • КҮДІКТІ ТҰЛҒАЛАРДЫ БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
    • Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған жаднама
    • Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
    • Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама
    • Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ещё
    KZ
    KZ
    RU
    КіруМенің кабинетім
    +7 (7182) 39 08 00 +7 778 046 80 87
    Қоңырауға тапсырыс беру
    БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
    • Директор
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желі
    ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ
    • Клиника
      • Кардиохирургиялық клиника
        • Рентгенэндоваскулярлы хирургия зертханасы
        • Экстракорпоралды қан айналымы және трансфузиология (ЭКҚжТ) зертханасы бар операциялық блок.
        • Электрофизиологиялық зерттеулер зертханасы (ЭФЗ)
        • Қосалқы бөлімшелер
        • Кардиохирургия бөлімі
        • СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БӨЛІМШЕСІ (СЖЖ)
        • ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ
      • Кардиологиялық клиника
        • Бөлімшелер
        • ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ
        • ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ
        • ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІ
        • ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ (ГБО)
        • ТҰЗ ҮҢГІРІ
    • Миссиясы, мақсаты, көрінісі
    • Басшылық
    • Құрылу тарихы
    • Қызмет көрсету сапасы
    • Құрылымы
    • Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
    • Құрылтай құжаттары
    • Стратегиялық жоспар.
    • Қызмет көрсету келісімдері
    • ӘДЕП КОДЕКСІ
    CHECK-UP
    МЕН ҚАЛАЙМЫН
    • Дені сау болу
    • Дәрігерді үйге шақыру
    • Қабылдауға жазылу
    • Қоңырау шалу
    ПАЦИЕНТ ҮШІН
    • Мамандардың қабылдау кестесі
    • Прейскурант
    • Пайдалы ақпарат
      • А-дан Я-ға дейін энциклопедия
      • Пікірлер және ұсыныстар
    • Артықшылықтар
    • КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
    • Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
    • КТ и МРТ
    • Рұқсат етілген және тыйым салынған өнімдердің тізбесі
    • ПАЦИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
    • МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТІЗБЕСІ
      • МӘМС ҚҰРАМЫНА НЕ КІРЕДІ
      • ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
      • МӘМС-ке ҚАТЕ АУДАРЫЛҒАН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАЙТАРУ
      • МӘМС-КЕ АЛДЫН-АЛА ТӨЛЕМДІ ҚАЛАЙ ЖАСАУҒА ЖӘНЕ БІР ЖЫЛ БҰРЫН МӘРТЕБЕНІ АЛУҒА БОЛАДЫ
    • ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІНІҢ ТІЗБЕСІ
    • АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ЕМДЕУ
    СҰРАКҚТАР ЖӘНЕ ЖАУАПТАР
    • Пікір қалдыру
    ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
    • Диагностика
    • Стационар
      • Кардиохирургиялық емдеу
        • Туа біткен жүрек ақауларын емдеу
        • Жүректің ишемиялық ауруын емдеу
        • Жүрек ырғағы бұзылуын емдеу
        • Жүре пайда болған жүрек ақауларын емдеу
    • Консультация
      • МРТ, КТ, Рентген
        • МРТ
        • КТ
        • Рентген
      • Ультрадыбыстық зерттеулер
        • Құрсақ қуысына УДЗ
        • Ересектерге және балаларға жүректің УДЗ
        • Қантамырларды УДЗ
        • Өңешаралық ЭХОКГ
      • ЭКГ, Холтерлік мониторлау, Тредмил тест
        • Тредмил-тест
        • Холтерлік мониторлау ЭКГ және АҚ
        • ЭКГ
      • Эндоскопия
        • Эзофагогастродуоденофиброскопия (ЭФГДС)
    АҚПАРАТ
    • Мемлекеттік сатып алу
      • Мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарландыру
        • 2021 ж.
        • 2022 ж.
        • 2023ж
        • 2024 ж.
        • 2025 ж.
    • bacillus.kz
    • Корпоративті басқару
      • Бақылау кеңесінің құрамы
      • Корпоративтік басқару құрылымы
      • Корпоративтік құжаттар
      • Нормативтік құқықтық актілер
      • Өткізілген отырыстар бойынша есеп
    • НПА
      • Бұйрықтар
      • ҚР заңы
      • Кодекстер
      • Жарғылар
    • Халыққа жадынама
      • Емханаға тіркелу
      • Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
      • КҮДІКТІ ТҰЛҒАЛАРДЫ БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
      • Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған жаднама
      • Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
      • Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама
      • Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
    Ещё
      KZ
      +7 (7182) 39 08 00 +7 778 046 80 87
      Қоңырауға тапсырыс беру
      Онлайн тіркелу
      • RU
      • KZ
      • БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
        • Назад
        • БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
        • Директор
        • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желі
      • ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ
        • Назад
        • ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ
        • Клиника
          • Назад
          • Клиника
          • Кардиохирургиялық клиника
            • Назад
            • Кардиохирургиялық клиника
            • Рентгенэндоваскулярлы хирургия зертханасы
            • Экстракорпоралды қан айналымы және трансфузиология (ЭКҚжТ) зертханасы бар операциялық блок.
            • Электрофизиологиялық зерттеулер зертханасы (ЭФЗ)
            • Қосалқы бөлімшелер
            • Кардиохирургия бөлімі
            • СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БӨЛІМШЕСІ (СЖЖ)
            • ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ
          • Кардиологиялық клиника
            • Назад
            • Кардиологиялық клиника
            • Бөлімшелер
            • ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ
            • ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ
            • ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІ
            • ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ (ГБО)
            • ТҰЗ ҮҢГІРІ
        • Миссиясы, мақсаты, көрінісі
        • Басшылық
        • Құрылу тарихы
        • Қызмет көрсету сапасы
        • Құрылымы
        • Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
        • Құрылтай құжаттары
        • Стратегиялық жоспар.
        • Қызмет көрсету келісімдері
        • ӘДЕП КОДЕКСІ
      • CHECK-UP
      • МЕН ҚАЛАЙМЫН
        • Назад
        • МЕН ҚАЛАЙМЫН
        • Дені сау болу
        • Дәрігерді үйге шақыру
        • Қабылдауға жазылу
        • Қоңырау шалу
      • ПАЦИЕНТ ҮШІН
        • Назад
        • ПАЦИЕНТ ҮШІН
        • Мамандардың қабылдау кестесі
        • Прейскурант
        • Пайдалы ақпарат
          • Назад
          • Пайдалы ақпарат
          • А-дан Я-ға дейін энциклопедия
          • Пікірлер және ұсыныстар
        • Артықшылықтар
        • КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
        • Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
        • КТ и МРТ
        • Рұқсат етілген және тыйым салынған өнімдердің тізбесі
        • ПАЦИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
        • МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТІЗБЕСІ
          • Назад
          • МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТІЗБЕСІ
          • МӘМС ҚҰРАМЫНА НЕ КІРЕДІ
          • ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
          • МӘМС-ке ҚАТЕ АУДАРЫЛҒАН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАЙТАРУ
          • МӘМС-КЕ АЛДЫН-АЛА ТӨЛЕМДІ ҚАЛАЙ ЖАСАУҒА ЖӘНЕ БІР ЖЫЛ БҰРЫН МӘРТЕБЕНІ АЛУҒА БОЛАДЫ
        • ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІНІҢ ТІЗБЕСІ
        • АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ЕМДЕУ
      • СҰРАКҚТАР ЖӘНЕ ЖАУАПТАР
        • Назад
        • СҰРАКҚТАР ЖӘНЕ ЖАУАПТАР
        • Пікір қалдыру
      • ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
        • Назад
        • ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
        • Диагностика
        • Стационар
          • Назад
          • Стационар
          • Кардиохирургиялық емдеу
            • Назад
            • Кардиохирургиялық емдеу
            • Туа біткен жүрек ақауларын емдеу
            • Жүректің ишемиялық ауруын емдеу
            • Жүрек ырғағы бұзылуын емдеу
            • Жүре пайда болған жүрек ақауларын емдеу
        • Консультация
          • Назад
          • Консультация
          • МРТ, КТ, Рентген
            • Назад
            • МРТ, КТ, Рентген
            • МРТ
            • КТ
            • Рентген
          • Ультрадыбыстық зерттеулер
            • Назад
            • Ультрадыбыстық зерттеулер
            • Құрсақ қуысына УДЗ
            • Ересектерге және балаларға жүректің УДЗ
            • Қантамырларды УДЗ
            • Өңешаралық ЭХОКГ
          • ЭКГ, Холтерлік мониторлау, Тредмил тест
            • Назад
            • ЭКГ, Холтерлік мониторлау, Тредмил тест
            • Тредмил-тест
            • Холтерлік мониторлау ЭКГ және АҚ
            • ЭКГ
          • Эндоскопия
            • Назад
            • Эндоскопия
            • Эзофагогастродуоденофиброскопия (ЭФГДС)
      • АҚПАРАТ
        • Назад
        • АҚПАРАТ
        • Мемлекеттік сатып алу
          • Назад
          • Мемлекеттік сатып алу
          • Мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарландыру
            • Назад
            • Мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарландыру
            • 2021 ж.
            • 2022 ж.
            • 2023ж
            • 2024 ж.
            • 2025 ж.
        • bacillus.kz
        • Корпоративті басқару
          • Назад
          • Корпоративті басқару
          • Бақылау кеңесінің құрамы
          • Корпоративтік басқару құрылымы
          • Корпоративтік құжаттар
          • Нормативтік құқықтық актілер
          • Өткізілген отырыстар бойынша есеп
        • НПА
          • Назад
          • НПА
          • Бұйрықтар
          • ҚР заңы
          • Кодекстер
          • Жарғылар
        • Халыққа жадынама
          • Назад
          • Халыққа жадынама
          • Емханаға тіркелу
          • Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
          • КҮДІКТІ ТҰЛҒАЛАРДЫ БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
          • Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған жаднама
          • Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
          • Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама
          • Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама
        • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
      • Менің кабинетім
      • +7 (7182) 39 08 00
        • Назад
        • Обратная связь
        • +7 (7182) 39 08 00
        • +7 778 046 80 87
        • Қоңырауға тапсырыс беру
      Будьте на связи
      Республика Казахстан
      Павлодарская область
      г. Павлодар
      ул. Ткачева 10/3
      info@cardiomedical.kz
      • Facebook
      • Instagram
      • Басты бет
      • Клиника туралы
      • Жаңалықтар мен акциялар

      Жаңалықтар мен акциялар

      Үйдегі бала
      Үйдегі бала

      Бүгін Сәбилер үйі қонақтарды қабылдайды

      Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күніне кәсіподақ комитеті мен кардиологиялық орталықтың қызметкерлері Сәбилер үйіне қайырымдылық акциясын өткізеді.

      Биыл біз ылғалды майлықтар, балаларға арналған кремдер, памперстер сатып алдық, қалған ақшаға аяқ киім мен оқуға арналған ойыншықтар сатып алынады.

      Тәрбиешілер мен балалар қонақтарға мерекелік концерт дайындады. Балалар ән айтты, тақпақ айтты, ойын ойнады. Бәрі ойдағыдай болмаса да, олар көп тырысты, балалар арасында жағымды эмоциялар теңізі болды.

       

      Барша бүлдіршіндерге шын жүректен зор денсаулық, ақ жол, жарқын болашақ және барлық тілектерінің орындалуын тілейміз.

      1 июня 2022
      Балаларды қорғау күні
      Балаларды қорғау күні

      Бүгін біз балаларды қорғау күнін атап өтудеміз.

      Бұл күні мен балаларға ерекше мерекелік атмосфераны жасап, олардың біз ересектер үшін өте маңызды екенін түсініп, сезінуіне мүмкіндік беріп, мүмкіндігінше қуанышты эмоциялар сыйлағым келеді.

       

      Бүгін ҚАЖ Павлодар облысы бойынша департаментінің АП 162/4 түзеу мекемесі ұжымының қолдауымен кішкентай емделушілерге шағын мереке сыйлауды жалғастырудамыз. Бірінші бірлескен тәжірибеміз осы жылдың 27 мамырында өтті, ол бізге, балаларға қарағанда көбірек ұнаған шығар, қайталауды жөн көрдік.

       

      Ал бүгін біздің балаларымыз үшін дәрігерге бару жағымды болмақ, өйткені қабылдауда дәрігер апай оларға ішінде тәтті тосынсый мен әдемі жүрегі бар «қолдау жәшіктерін» береді.

       

      Аға инспектор – психолог, юстицияның аға лейтенанты Ольга Мирзоева бізге мекеме психологтары сотталғандармен Арт-терапия (өнер терапиясы) бойынша сабақтар жүргізетінін, бұл өзіңізді көрсету және өзін-өзі тану қабілеттеріңізді дамыта отырып, психикалық күйіңізді үйлестіруге мүмкіндік беретінін айтты. Сондықтан пайдалы мен жағымдыны біріктіру идеясы пайда болды. Балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне, сотталғандар біздің Орталықтың кішкентай емделушілеріне өз қолдарымен «қолдау жәшіктерін» жасап, қызметкерлері тәтті тағамдарға толтырды.

       

      Кішкентай пациенттер күн сайын көптеген ауыр процедуралардан батылдықпен өтеді және көбінесе бұл процестердің барлығы балалардың қорқынышы мен көз жасымен бірге жүреді, оны тегістеу үшін біз балаларға «қолдау жәшіктерін» береміз.

       

      Бұл ойды мекеме басшысы юстиция подполковнигі Ербол Жасқайратұлы Шарипов қолдап, жеке құрам атынан барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі.

       

      1 июня 2022
      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

      «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН:

      ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

      Қымбатты отандастар!

      Қадірлі қауым!

      Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы  айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

      Баршаңызға мәлім, былтыр  егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда  30 жыл  тым көп уақыт емес. Халқымыз  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.  

      Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік  қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.

      Біз  мызғымас бірліктің арқасында  мемлекетімізді қорғап қалдық. Уақтылы және батыл шешім қабылдап, лаңкестерге тойтарыс бердік. 

      Мен  қашанда бәрін ашық айтып жүрмін.

      Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде  жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде  халыққа арнап  бірнеше  үндеу жасадым. Барлық жағдайды азаматтарымызға жан-жақты түсіндіріп, жеткіздім. Әрбір шешімді еліміздің мүддесіне сай қабылдадым. Бұл – мен үшін бұлжымас ұстаным. 

      Өкінішке қарай, бүлікшілердің, қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Мен қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз.

      Қазақта «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Біздің парызымыз – қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содырлар мен лаңкестерді жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз.

      Ашығын айтсақ, қазір қоғамда түрлі қауесет тарауда. Бұл ахуал жалған түсінік қалыптастырып, елді адастырады. Сондықтан өткен оқиғалар туралы нақты мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды. Тіпті, қасиетті парызымыз деуге болады. Жұрт оның астарына үңіліп, себебін терең түсінуі қажет.

      Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Турасын айтқанда, мұндай кең ауқымды талқылау  ешқашан болмаған. Депутаттарға және бұқаралық ақпарат құралдарына бәрі ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға  жауап берілді. Бұл қаңтар оқиғасына  әділ баға беруге, ең алдымен, биліктің мүдделі екенін көрсетеді. Мен  мұны толық қолдаймын, біз ақиқатты айтуымыз керек.  Бұл – менің жеке қағидатым.

      Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мәселемен арнайы Мекемеаралық шұғыл тергеу тобы айналысуда. Құқық қорғау органдарына жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруды тапсырамын.

      Қасіретті қаңтар оқиғалары мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін екі мыңға жуық адам ұсталды. Мен сол кезде Бас прокуратураға олардың қандай кінәсі барын анықтауды және ауыр қылмысы болмаса, жазасын жеңілдетуді тапсырдым. Соның нәтижесінде көптеген азаматтар қамаудан босатылды.

      Ал, нағыз қылмыс жасаған адамдар заң алдында толығымен жауап береді. Басқаша әрекет ету, яғни, қосақ арасында бедел жинау үшін байбалам салып жүргендер мен арандатушыларға жеңілдік жасау – жазықсыз құрбан болған жандардың аруағын сыйламау деген сөз.    

      Бірнеше жүз адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған адамдарды тергеу барысында тыйым салынған тәсілдерді қолданғаны, тіпті оларды азаптағаны туралы фактілер болғанын ашық айттық. Орта ғасырлардан қалған осындай жабайылық кез-келген өркениетті қоғамның қағидаттарына қайшы келеді. Бұл біз үшін де мүлде жат қылық. Мұндай сорақы оқиғалар болғаны жайлы айтыла бастаған сәтте-ақ, мен оны мұқият тексеруді тапсырдым.

      Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл алғашқы күндерден жұмысқа белсене араласты. Құқық қорғаумен айналысатын азаматтар мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері оқшаулау орындарына кедергісіз кіріп, қаңтар оқиғасына қатысушылардың қамаудағы жай-күйімен танысты, олардың шағымдарын қарады.  

      Омбудсмен және беделді заңгерлер жетекшілік ететін тәуелсіз қоғамдық комиссиялар прокуратура органдарымен тығыз жұмыс істеді, пікірлерін ашық айтып, өз ұстанымдарын қорғады. Мұндай жұмыс тәсілі тергеу үдерісінің ашық және демократиялы екенін көрсетті, әрбір өтініш пен арыз-шағымды жеке-жеке қарауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде заңға қайшы үкім шығару ықтималдығы едәуір азайды.  

      Азаматтық қоғам мен құзырлы органдар осылай ашық ынтымақтастық орнататын тәжірибе біздің елімізде берік орнығуға тиіс. 

      Осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғам белсенділері мен заңгерлерге азаматтық ұстанымы және біліктілігі үшін ризашылығымды білдіремін.  

      Қазір алдын-ала қорытындылар дайын. Біз теріс пиғылды адамдардың  мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын нақты білеміз. Осы ретте, бүлікшілер  не үшін мұндай қадамға барды деген сұрақ туындайды. Жауабы – айдан анық.

      Соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға, трансформациялауға көштік. Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. Олар жылдар бойғы заңсыз әрекеттерін одан әрі жалғастыра беруді көздеді. Неғұрлым жоғары билікке ие болуды көкседі. Сол үшін кәнігі қылмыскерлер, қарулы бандылар мен опасыз шенеуніктер бірігіп, астыртын топ құрды.

      Ішкі және сыртқы жауларымыз өзара ымыраласып, билікті басып алғысы келді. Олар халықтың наразылық шеруін басқа арнаға бұрып, жұртты қасақана арандатты. Лаңкестер  мемлекеттік органдарға, стратегиялық нысандар мен бизнеске тиесілі ғимараттарға шабуыл жасады. Билікке күйе жағу үшін бейбіт тұрғындарға оқ атты.

      Осының бәрін шетелдегі радикалды күштер  өз мақсатына пайдаланғысы келді. Олар Қазақстанды қақтығыс алаңына айналдырып, елге ойран салмақ болды. Бейбіт өміріміздің тас-талқанын шығаруды жоспарлады. Президентті биліктен кетіргісі келді.

      Шын мәнінде, бұл мемлекеттілігімізге төнген аса қауіпті сын-қатер болды. Бірақ, қастандық жасаушылардың арам пиғылы іске аспады. Мен  ең қиын сәтте, қандай жағдай болса да, ақырына дейін халқыммен бірге боламын деп ашық айттым.

      Бабаларымыз  «Іштен шыққан жау жаман» деп бекер айтпаған.

      Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды.

      Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Опасыздардың ішінде әскери және арнаулы органдардың басшылары да бар. Олар Күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы  жалған ақпарат берді. Тіпті, арнайы үкіметтік және басқа да байланыс арналарын өз бақылауына алды. Бір сөзбен айтсақ, олар елді ыдырату үшін  ойларына келген барлық тәсілді қолданды. 

      Соның салдарынан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Бұл қадам  ішкі және халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды. Бітімгершілік күштері елімізде бір де бір оқ атқан жоқ. Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін ғана  қамтамасыз етті. Бұған  алдын-ала жасалған келісімнің нәтижесінде қол жеткіздік. Жағдай тұрақтанған соң, екі аптадан кейін олар Қазақстаннан толық шығарылды.

      Бұл – көптарапты қарулы контингент, оның құрамында  Қазақстан да бар. Бітімгершілік миссиясының маңызды рөлін  жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, түптеп келгенде, біз  содырларды  өз күшімізбен жеңдік.

      Осы орайда, бір мәселеге жеке тоқталғым келеді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді. Отан алдындағы антына адал болып, мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғады. Мен сын сағатта қатерге қаймықпай қарсы тұрған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіремін.

      Сондай-ақ, азаматтарымыз  ерікті түрде өз ішінен жасақ құрып, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысты. Жауапты сәтте бірлік пен жанашырлықтың бірегей үлгісін көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтамын.

      Осы күндерде халқымыз кез-келген қауіп-қатерді жеңе алатын  біртұтас ел екенін танытты. Отаншылдық рухының арқасында қасиетті Тәуелсіздігімізді сақтап қалды.

      Шын мәнінде, қаңтар оқиғалары мемлекеттілігіміз үшін зор сынақ болды. Біз  жардың шетінде тұрдық. Бір қадамды қате жасасақ немесе батыл әрекет етпесек, мемлекетіміз құрдымға кететін еді.

      Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдымызда куәгерлерден жауап алу, сараптама жасау және түрлі мәліметтерді зерделеу сияқты қыруар жұмыс бар.   

      Бір нәрсені нақты айта аламын: қаскөйлер мұқият ойластырылған ауқымды операция жасады. Олар халқымыздың және шетел қоғамдастығының алдында мемлекеттің жоғары басшылығының абыройын төгіп, биліктен тайдыруды көкседі. Кәсіби дайындықтан өткен содырларды өз мақсатына жету үшін еш қымсынбастан пайдаланды. Оларға еліміздің ең ірі шаһары – Алматыны күл талқан етуді, жұртты әбден үрейлендіріп, дүниеден біржола түңілдіруді, елдегі ахуалдың быт-шытын шығарып, бей-берекет қылуды тапсырды.   

      Сондықтан кімнің қандай лауазым иеленіп отырғанына, қоғамдағы орны қандай екеніне қарамастан осы қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдар түгелдей лайықты жазасын алатынына уәде беремін.  

      Сол күндері қатаң әрі шұғыл шара қабылдаудан басқа  амал қалған жоқ. Мен ең шешуші сәттерде елім үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бұл – менің президенттік әрі перзенттік борышым. 

      Құрметті депутаттар!

      Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе. Біз екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік.

      Мен осыған дейін саяси реформалардың төрт топтамасын ұсындым. Соның аясында  қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған бірқатар маңызды бастама жүзеге асты.  

       Тек саясат саласының өзінде оннан астам заң қабылданғанына қарап, қоғамда болып жатқан оң өзгерістердің ауқымы қандай екенін бағамдауға болады. Мысалы, бейбіт жиналыстар туралы жаңа, демократиялық заңды алайық.

      Бұл құжат белсенді азаматтарға, оның ішінде оппозициялық көзқарастағы қоғам белсенділеріне еш кедергісіз шеру өткізуіне, сол жерде ой-пікірлерін емін-еркін айтуына мүмкіндік берді. Бұл жаңашылдық елімізде жаңа саяси мәдениеттің тамыр жаюына, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен сенімнің артуына жол ашты.    Дегенмен, жұртты арандатқысы келетін кейбір белсенділер демократиялық сипаттағы осы заңның өзіне бағынбау, тіпті оны бұзу керек деп санайды.  

      Мен бұдан былай ешқандай жұмсақтық көрсетпейтінімізді мәлімдеймін. Басқа да заңдар сияқты бұл заңның талаптары да мүлтіксіз орындалуға тиіс.

      Бәзбіреулердің жауапсыздығы мен бейбастақ әрекеттері заңды сыйлайтын азаматтарымыз үшін тым қымбатқа түсті. Заң бәріне ортақ, оған биліктегі азаматтар да, қоғам белсенділері де бірдей бағынуға тиіс.

      Саяси өзгерістер азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару ісінен бастап, жалпыұлттық сипаттағы мәселелерге дейін, яғни барлық деңгейде шешім қабылдауға дайын екенін көрсетті. 

      Саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды көздейді. Бірақ, осы ниет пен жұмыс қарқыны жұрттың бәріне бірдей ұнай бермейтіні анық. 

      Бәрін де бармақ басты, көз қыстымен шешіп үйренген адамдар бұған дейінгі артықшылықтары мен табыс көздерін жоғалтып алудан зәре-құты қалмай қорқуда. Олар біздің мемлекеттілігіміздің тұғырын шайқалту үшін дереу іске кірісу қажет деп шешті. Тіпті, өз халқына қарсы шықты деуге болады.  

      Қасіретті қаңтар күндерінен кейін көптеген адамдар «бәрі кері кетеді, билік жаңғыру қарқынын бәсеңдетіп, аяғын аңдап басатын болады» деп санады. Бірақ, біз алған бетімізден қайтпаймыз. Керісінше, қоғамның барлық саласында жасалып жатқан жүйелі өзгерістердің қарқынын үдете түсеміз.   

      Мен бүгін ұсынып отырған бастамалар қаңтар оқиғаларынан әлдеқайда бұрын мұқият ойластырылып, пысықталған. Ашығын айтайын, маған «асықпайық, заман жақсарғанға дейін бұл жоспарды қоя тұрайық» деп ақыл қосқан сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер де болды. Олар қазіргі ахуалды өз мүддемізге пайдалануға мүмкіндік туып тұрса, жүйені өзгертудің не қажеті бар деді.      

      Енді біреулер геосаяси ахуал қатты шиеленісіп тұрған кезде елді «горбачевтік қайта құрудағы» сияқты берекесіздік жайлап, көше демократиясы белең алып кете ме деген орынды қауіптерін айтты. Бірақ, мен елімізге түбегейлі реформалар қажет екеніне бек сенімдімін. Әйтпесе, тоқырауға тап боламыз. Біз оның салдары мемлекетті қалай күйрететінін тарих қойнауына кеткеніне көп бола қоймаған кеңес тарихынан жақсы білеміз.

      Кешегі қаңтар оқиғаларына да еліміздегі тоқыраудың салдары белгілі бір деңгейде әсер етті.  Мен соңғы екі айдың ішінде әлеуметтік-экономикалық салада, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде, ең алдымен, жүзеге асыру қажет болатын міндеттерді айқындап бердім.

      Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген.   

      Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы Сот және беделді сарапшылардың ұсынымдары  назарға алынды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде осы тақырып бойынша пікірталас өтті. Құжатты әзірлеу кезінде  зерттеушілер мен қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары да мұқият зерделенді.

      Жалпы, ұсынылып отырған реформаларды біздің қоғамдағы алуан түрлі көзқарастардың жиынтық көрінісі деуге болады. Осыған дейін қолға алынған өзгерістердің заңды жалғасы іспетті бұл бастамалар екі өзекті міндетті шешеді.  

      Біріншіден, қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізеді.

      Екіншіден, мемлекеттің орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етеді. Бұл ел ішінде болып жатқан іргелі қоғамдық өзгерістер мен шиеленісе түскен геосаяси тартыс кезінде айрықша маңызды.

      Қазіргі халықаралық ахуал қырғи-қабақ соғыстың ең қиын кезеңін еске түсіреді. Бірақ, шегіне жете буырқанған, мемлекеттер қатаң санкциялармен тірескен, жер жүзіне қандай кесірі тиетіні беймәлім болып тұрған бүгінгі жағдайды адамзат бұрын-соңды көрмеген теңдессіз қиындық деуге әбден болады. Сондықтан, біз үшін көздеген мақсаттан ауытқымаудың, еліміздің тұтастығын, жалпыұлттық бірлігі мен тілектестігін сақтаудың өмірлік маңызы бар. 

      Реформа жасап жатырмыз деген атақ үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз.

      Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек.

      Біз кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет. Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату  өте маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады.

      Бүкіл құзырет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі қазір өзінің тиімділігін жоғалтты. Бұл жүйе көзқарасы мен ұстанымы әрқилы азаматтық қоғамды ұйыстыра алмайды. Сондықтан біз Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгерту үшін әр қадамды мұқият ойластыра отырып жасауымыз керек.    

      Мен бұл жерде, ең алдымен, басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу туралы айтып отырмын. Мұндай жүйе билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізеді.  

      Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз.    Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын.   

       

      БІРІНШІ. Президенттің өкілеттігі туралы

      Мен бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанда суперпрезиденттік басқару үлгісі қалыптасты. Дамудың бастапқы кезеңінде мемлекетімізге мұндай үлгі қажет болды. Бірақ, біз бір орында тұрған жоқпыз. Қоғам да, еліміз де өзгеруде. Саяси жүйеміз жаңа жағдайларға бейімделуге тиіс.

      Қазір бізде барлығы Президентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес. Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қажет.

      Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдеқайда маңыздырақ.  Сол себепті мен Amanat партиясының қаңтар айындағы съезінде ұйымның төрағалығынан биыл бас тартатынымды мәлімдедім.  

      Партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол бермеген жөн.  Саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататыны анық. Саяси үстемдікке барынша шектеу қою қажет. 

      Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Осылайша, біз еліміздің болашақтағы көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өзіне бағындырып алуға құмар болудан сақтаймыз. 

      Дәл сол сияқты, Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары және мүшелері міндетті түрде партиядан шығуы керек деген норманы да  заңнамаға енгізген жөн.

      Барлық өкілеттікті бір қолға шоғырландырған орталықтағы жағдай аймақтарда да қайталанатынын көріп отырмыз. Сол себепті әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында да лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполюсті партиялық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Саяси және экономикалық қызметтің монополиялануы қаңтар оқиғаларының туындауына басты себеп болғаны бүгінде бүкіл қоғамға мәлім. 

      Біз «қасіретті қаңтардан» мынадай маңызды сабақ алдық: мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолында барлық өкілеттіктің шоғырлануы оған жақын тұлғалар мен қаржылық-олигархиялық топтардың ықпалын орынсыз күшейтеді. Сосын олар мемлекетті жеке меншігі сияқты көре бастайды. 

      Қай елде болса да тамыр-таныстық кадр іріктеу ісін бұрмалап, сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына әкеп соқтырады. Тамыр-таныстық пен рушылдық құрдымға бастайтынын нақты ұғыну қажет.

      Мұндай қарым-қатынас шағын ғана топтың шалқып өмір сүруіне жол ашады. Ал, өзгелерді өмірінің ешқандай болашағы жоқ екеніне біржола мойынсұнып, тек өлместің күнін көру үшін арпалысуға мәжбүрлейді.  

      Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік берілетініне Мемлекет басшысы мызғымас кепіл болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады. Мұндай норманы Конституцияға енгізсек те артық болмайды деп санаймын.

      Президенттің өкілеттігі неғұрлым көп болса, ол соғұрлым шексіз биліктің иесіне айналады.

      Мемлекет басшысы облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдері шығарған актілерді жоюға немесе ондай құжаттардың қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Бұл норма «қолдан басқарудың» орынсыз тәжірибесінің орнығуына әкеп соқтырады және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін әлсіретеді.   

      Оның үстіне қазір Президенттің аудан, тіпті ауыл әкімдерін лауазымынан босатуға құқығы бар. Мұндай заң нормаларын жою керек.

      Президентті тым көп өкілеттігінен айыру еліміздегі саяси жаңғыру үдерісінің тек ілгері басуын қамтамасыз етеді. Ұсынылып отырған бастамалар «ойын ережесін» түбегейлі өзгертіп, қоғамды одан әрі демократияландыру үшін берік негіз қалыптастырады.  

       

      ЕКІНШІ. Өкілді билік тармағын қайта құру

      Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде, елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажет.

      Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекетімізді өркендету ісіне  белсене атсалысуға тиіс. Ең алдымен, Сенатты жасақтау тәртібін және оның бірқатар функциясын қайта қараған жөн. 

      Қазіргі таңда жоғарғы палата 49 депутаттан тұрады. Яғни, әр өңірден екі сенатор сайланады және 15 сенаторды Президент тағайындайды.  Мұндай құрылым аймақтардың ерекшелігін ескеруге және заң шығару үдерісіне Мемлекет басшысының тікелей ықпал етуіне мүмкіндік беріп келді. Өз уақытында бұл барынша озық әрі тиімді тәжірибе болды. Бірақ біз алға қарай қадам басуымыз керек.

      Президенттің Сенаттағы квотасын бақылаудың құралы емес, Парламентте өкілдері аз әлеуметтік топтардың үні мен ой-пікірін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Осы орайда мен Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайту туралы шешім қабылдадым. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады.

      Парламенттің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс. Ешкімге жасанды артықшылық берілмеуі керек. Осылайша, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын жоямыз. Менің ойымша, бұл – саяси жағынан да, заңдық тұрғыдан да дұрыс қадам. Бұл квота Сенатқа ауысады және 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаяды. «Аз болса да, саз болғаны» жақсы. Мұндай өзгеріс түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың үні жоғарғы палатада естілуіне мүмкіндік жасайды. Жалпы, Сенаттың жоғарғы палата ретінде жұмыс істеуін дұрыс әрі орынды деп санаймын.

      Әлемде құрылымы унитарлы және Қазақстанға қарағанда халқы аз мемлекеттер жеткілікті. Соған қарамастан, бұл елдер қос палаталы парламент жасақтаған. Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ, Еуропада да осындай тәжірибе бар.

      Ал, біздің Сенат әр өңіріміздің мүддесін қорғайтын палатаға айналуға тиіс. Соған сәйкес оның өкілеттігін реформалау қажет. Конституцияға сәйкес, Сенаттың Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қабылдауға немесе қабылдамауға құқығы бар. Яғни, Мәжіліс іс жүзінде жоғарғы палатаның қарсылығын еңсере алмайды. Неғұрлым тепе-тең парламенттік жүйе қалыптастыру үшін бұл тәжірибені қайта қараған жөн.    

      Осы орайда, Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізген дұрыс деп санаймын.  Соған сәйкес, заң қабылдау құқығы Мәжіліске ғана тиесілі болады.

      Ал, Сенаттың өкілеттігін Конституциялық кеңес пен Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынылатын кандидаттарға келісім беру құқығымен толықтырған жөн. Бұл өзгеріс саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түседі, заң шығару үдерісін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар, төменгі палатаның құзыретін кеңейту қажет.

      Елімізде көптеген ауқымды жобалар, бағдарламалар бар. Бірақ, түрлі себептерге байланысты оларды жүзеге асыру барысы көңіл көншітпейді. Сондықтан Парламент  республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет.       

      Осы орайда Есеп комитетінің орнына  Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруге тиіс. Осылайша, Мәжілістің мәртебесі арта түседі.

      Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн.  

      Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын. Қазір мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Осы ретте, заңнамаға Президенттің облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде ұсыну құқығын реттейтін түзетулер енгізу қажет. Осылайша, Президент облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттарда қарау нәтижесін ескеріп тағайындайды. Бұл – өңір басшылары жанама сайлау арқылы қызметке келеді деген сөз. Бірақ, Мемлекет басшысының аймақ басшыларын мәслихаттардың келісімінсіз орнынан босату құқығы сақталады. Өкілді билік тармағын өзгерту жөніндегі бұл жаңашылдықтардың бәрі күшті парламенттік мәдениеті және ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

       

      ҮШІНШІ. Сайлау жүйесін жетілдіру

      Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз. Біз осыдан 15 жыл бұрын  конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік. Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда, оның жағымсыз тұстары да байқалды.

      Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да  сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір  жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын. Сол кезде  барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі.       

      Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде  сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады.

      Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам – партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы.  

      Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Оған қоса, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады.    

      Императивті мандатқа көшу де  депутаттардың сайлаушылармен өзара байланысын нығайта түседі. Бір сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады. Бұл – халық қалаулыларына ықпал етудің  тағы бір жолы. Осы ұстаным демократия дәстүрлерін едәуір нығайтады. Өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады.

      Пропорционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылса, саяси партиялардың рөлі сақталады. Олар еліміздегі азаматтық қоғамның басты институттарының бірі ретінде қала береді. Сонымен бірге бұл жүйе сайлауды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.  

      Аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, елімізді жаңғырту үдерісіне жұмылдыра түседі деп сенемін. 

       

      ТӨРТІНШІ. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту

      Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты, біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек.    

      Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Сондай-ақ, құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады.

       

      БЕСІНШІ. Сайлау үдерісін жаңғырту

      Халықаралық тәжірибеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратыны белгілі, яғни әділ және ашық сайлау өткізу үшін  тиімді шешім іздеудің маңызы зор. Соңғы жылдарда бұл үдеріске ақпараттық және технологиялық факторлармен бірге, коронавирус індеті де әсер етуде.   

      Көптеген елдер  дауыс берудің баламалы түрлерін пайдаланып жатыр. Яғни, электронды, мерзімінен бұрын, қашықтан, көпкүндік дауыс беру тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, қажет болса, оны біртіндеп енгізген жөн. 

      Байланыс технологиялары қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда кандидаттар мен партиялардың әлеуметтік желідегі белсенділігінің маңызы зор. Бірақ, әлеуметтік желідегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнама арқылы реттелмеген. Соған қарамастан сайлау науқаны кезінде онда үгіт-насихат жұмыстары бәрібір жүргізіледі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін тиісті регламент пен ережені бекіте отырып, әлеуметтік желіде үгіт-насихат жүргізуге заң бойынша рұқсат беруді ұсынамын.

      Сондай-ақ, байқаушылардың қызметін заңмен реттеу керек. Бұл институт та ашық сайлау жүйесінің ажырамас бөлігі саналады.  

      Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын. 

      Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары да  маңызды рөл атқарады. Былтыр ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгені  белгілі. Осыған байланысты сайлау науқаны  бүкіл еліміз бойынша үздіксіз үдеріске айналды.

      Енді аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін  қайта қараған жөн. Олар бұл іспен кәсіби түрде айналысуы қажет. Біз  бір азаматтың екі рет дауыс беруін болдырмауға тиіспіз. Сондай-ақ азаматтарымыз кез-келген учаскеде дауыс бере алуы керек. Сол үшін сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру мүмкіндігін қарастыру қажет. Жекелеген тұлғалардың сайлау  барысына ықпал етуіне жол бермеу үшін сайлау қорына салынатын қаржының жоғарғы шегін нақтылау керек. Конституция және халықаралық құқық бойынша Қазақстандағы кез-келген сайлау – біздің ешкім араласуға қақы жоқ ішкі ісіміз. Бірақ, бұл норма сайлау нәтижесіне шетелден ықпал етуге әрекет жасау ықтималдығын жоққа шығармайды.

      Қазір әлемде түрлі гибридті қауіптер, оның ішінде сайлау технологияларын қолдану арқылы жасалатын қатерлер көбейіп келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, елімізде өтетін сайлауларға шетелдердің қандай да бір араласуына жол бермеу үшін заңнамалық деңгейде нақты шаралар қабылдауға тиіспіз. Сол үшін, ең алдымен, кандидаттардан бастап байқаушылар мен БАҚ-қа дейін, сайлау науқанына қатысушылардың бәрінің қаржылық қызметі барынша ашық болуын қамтамасыз етуіміз керек.

       

      АЛТЫНШЫ. Құқық қорғау институттарын күшейту

      Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі. Алайда, белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беру қиындық тудыратын кездер болады.

      Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын  Конституциялық кеңес түсіндіреді. Бірақ, азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды. 

      Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез-келген адам  өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында  мұндай орган  Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме  тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын.

      Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін. Сондай-ақ, институционалдық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Оған қоса азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түседі.

      Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мәселесіне менің айрықша мән беретінімді баршаңыз білесіздер. Еліміз 2020 жылы өлім жазасына тыйым салуды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттамаға қосылды. Ал,  былтыр мен бұл саланы ұзақ мерзімде және кешенді түрде дамытуға бағытталған Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысуымен бұдан басқа да бірқатар заманауи бастамалар жүзеге асырылды.

      Дегенмен, құқық қорғау мәселелері үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Сондықтан өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажет деп санаймын.

      Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуы маңызды. Қазіргі таңда осы мәселеге жауапты нақты бір орган жоқ. Мұндай жағдай белгілі бір тәуекелдер туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл құзыретті Бас прокуратураға беруді ұсынамын.

      Осындай ұстаным тергеудің объективті және бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бассыздықты жазасыз қалдырмау қағидатын бекіте түседі.  

      Сонымен бірге қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Бұл ретте, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға тиімді қарсы тұру маңызды рөл атқарады.

      Бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдерге және балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендердің

      16 марта 2022
      Марапаттау 8 наурызда
      Марапаттау 8 наурызда

      Бүгін 8 наурыз - көктемнің алғашқы мерекесін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті!
        Кардиологиялық орталықтың әсем жартысы үшін құттықтаулар мен тілектер айтылды, және, әрине, ең әдемі әндер айтылды.
      Ән жан тебірентті және концерттің жалғаса бергенін жанымыз қалай берді!
      Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша үздіктердің үздіктері марапатталды:

       

      ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН

      Жантенова Нұргүл Бауыржанқызы,

       

      ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН

      1.            Мусина Әсемгүл Мұратқызы,

      2.            Әлібаева Әсем Кайраткызы,

      3.            Нұрғалиева Айгүл Мұратбекқызы,

      4.            Сәдуақасова Эльмира Мұратқызы,

      5.            Кузнецова Юлия Викторовна,

      6.            Канапьянова Нина Степановна,

      7.            Нұрбекова Тоғжан Бозкенқызы,

       

      АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

       

      8.            Жақсылықова Кенже Шарапқызы,

      9.            Сембекова Бибігүл Махметқызы,

      10.          Шахманова Жанар Сембайқызы,

      11.          Рақымжанова Жанаргүл Темірбайқызы,

      12.          Әбішева Сандуғаш Зиядақызы,

      13.          Әбілғазинова Тарғын Олжабайқызы,

      14.          Сәтбаева Сейілғайша Рахимджанқызы,

      15.          Бекова Торғын Кибашқызы,

      16.          Жүсіпова Бибігүл Көшербайқызы,

      17.          Завацкая Ирина Константиновна,

      18.          Тұрлыбекова Алтынай Қайырқызы,

      19.          Арипова Жадыра Михайловна


      ОРТАЛЫҚТЫҢ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНЕН

      ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

      1.            Смақова Ақерке Көпжасарқызы,

      2.            Жүнісова Айгүл Сағандыққызы,

      3.            Титова Ирина Александровна,

      4.            Корженова Рамиля Тоқмұханбетқызы,

      5.            Климова Наталья Александровна,

      6.            Кисенова Маржан Үлгібайқызы.

       

      АЛҒЫС ХАТ

      7.            Солтаниманова Мейрамгүл Сайлаубайқызы,

      8.            Сатвалдинова Айжан Хилманқызы,

      9.            Сипотлғазина Анар Рымжанқызы,

      10.          Перетятько Елена Ивановна,

      11.          Мусальдинова Кенжеш Мамилқызы,

      12.          Ибраева Гүлнар Қайырбекқызы,

      13.          Рахманова Әлия Төлеубекқызы,

      14.          Наурызбаева Күмісай Әубәкірқызы,

      15.          Жомартова Рабиға Закирқызы,

      16.          Сәдуақасова Айгүл Жақсылыққызы,

      17.          Рафикова Нұрзипа Қабдоллақызы,

      18.          Амаргала Айгүл Қабдешқызы.

         Барлығын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!!!


      5 марта 2022
      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты 2022 жылғы 01 наурыз
      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты 2022 жылғы 01 наурыз

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты

      2022 жылғы 01 наурыз

      Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

      – Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Тәуелсіздігімізге төнген қатердің бетін қайтардық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің  символдық мәні бар. Бірінші наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия  халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды, – деді Президент. 

      Мемлекет басшысы партияның келешегі жөнінде айта келіп, оның бұған дейін атқарған жұмысын ұмытуға болмайтынына, өз ісіне берілген партия белсенділерінің қажырлы еңбегіне құрметпен қарау керек екеніне тоқталды. 

      Президент еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді. Алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. 

      – Саяси ұйымның атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен Аманат деген атауға тоқтадық.   Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де  айрықша мәні бар киелі ұғым.  Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы.   Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. «Аманат» ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті деген ұғымды білдіреді. Аманат сөзінің – мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыз өсиет еткен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұраты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құндылығы ретінде сипатталады. Біз осы баға жетпес мұрамызды сақтап, нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің аға буын мен өскелең ұрпақ алдындағы қастерлі борышымыз. Сондықтан мен партиямызды ресми түрде Аманат деп атауды толық қолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

      Президент өткен айда жүргізілген ауқымды аналитикалық жұмыстар партия қызметіне маңызды өзгерістер енгізу қажет екенін көрсетті деп атап өтті. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды қолдай отырып, партия Төрағасы бірқатар басым міндетті айқындап берді. Оның пікірінше, ең алдымен, орталыққа тәуелділікті жою және партия аппаратының тиімділігін арттыру қажет.

      – Партия аппаратының жұмысында бюрократияның теріс сипаттары анық көрінді. Желілік кестелер, есеп беру және қағаз жүзіндегі іс-шаралар сайлаушылармен тікелей жұмыс істеуді екінші орынға сырғытты. Жұмысқа құлшынып тұрған азаматтар өз орындарын дарынсыз функционерлерге беруге мәжбүр болды. Сондықтан орталық аппараттың филиалдармен және бастауыш партиялық ұйымдармен өзара іс-қимыл әдістерін толығымен қайта қарау қажет. Бюрократия мен қағазбастылықтан үзілді-кесілді бас тарту керек. Аймақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдары сайлаушылармен өздігінен жұмыс істей алады және жұмыс істеуге міндетті. Орталық аппарат нұсқаушылық және «қолмен» басқару тәжірибесінен арылуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.  

      Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру қажет. Депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыру міндетін өздеріне алып,  олардың жұмыс қорытындысы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуі керек.

      – Әлеуметтік желілер мен қала алаңдарындағы қоғамдық талқылауларды Парламент пен мәслихаттарда өткізген жөн. Бұл – аса маңызды міндет. Фракциялар депутаттық сауалдармен шектеліп қалмай, парламенттік және қоғамдық талқылаулар мен ашық пікір-сайыстарға баруға тиіс. Керек болса, Үкіметтің нақты мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру қажет. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі алдын ала дайындалған есептерге емес, нақты істер мен азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек, – деді партия Төрағасы.

      Мемлекет басшысы азаматтардың мүдделерін ілгерілетуді және партияның ашықтығын басты мәселе ретінде айқындады.

      – Партия популизмге салынып, орындалмайтын уәде бермегені жөн. Сонда Премьер-министр мен кабинет мүшелерінен қажетті сандарды талап етуге де жол берілмейді. Егер осылай жалғаса берсе, күдік күшейіп, адамдардың партияға деген сенімі жоғалады. Ал оның партияға кері әсері тиеді. Бұндай көзбояушылықтың салдары  адамдардың әлеуметтік көңіл-күйіне және ішкі саяси тұрақтылыққа ықпал етеді. Бұған, әсіресе, геосаяси тұрақсыздық жағдайында жол беруге болмайды. Сайлаушылармен кері байланысты күшейткен жөн және осы бағытта қоғамдық қабылдаулардың әлеуетін барынша пайдалану қажет, – деді Президент.

      Партия Төрағасы елімізді одан әрі жаңғырту үшін партияластарынан тың ұсыныстар күтетінін атап өтті. Сондықтан жалпыұлттық өзекті мәселелер күн тәртібін әзірлеу үшін Қазақстанның әрбір азаматынан тың идеялар мен ұсыныстар жинау жөнінде республикалық акция ұйымдастырған жөн. Мемлекет басшысы партияластардың ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған дұрыс деп санайды.

      – Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедергі.  Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл – біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет, – деді Президент.

      Президент осы айтылған міндеттерді мейлінше қысқа мерзім ішінде орындау қажет екеніне назар аударды. Партия Төрағасы орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, Аманат – озық ойлау мен әділдіктің, бірлік пен алға ілгерілеудің партиясы, халықтың пікірі мен ел мүддесін ескеретін азаматтарымыздың игілігі жолында қызмет ететін негізгі ұйым. Украинада болып жатқан қазіргі жағдайда осы айтылған барлық мәселенің мәні зор.

      – Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді. Біз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізген ел ретінде еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы қағидатына бейілдіміз. Мен бұл туралы 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман бітім артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

      Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан, қажет болса, делдалдық қызметтермен қоса, барлық көмек түрлерін көрсетуге дайын.

      – Мен Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар отырысын өткіздім. Санкциялық қарсылықтың бұрын-соңды болмаған шиеленісуі жағдайында Үкіметке елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктедім. Біздің экономикамыз дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін санкциялық сын-қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы керек. Алдағы қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделілігін бағаламауға немесе асыра көрсетуге болмайды, – деді Президент.

      Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.



      1 марта 2022
      ПСИХИАТР ДӘРІГЕРДІҢ  ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУЫН ТОҚТАТУ АЛГОРИТМІ  (Психиатр дәрігердің есебінен қалай шығуға болады)
      ПСИХИАТР ДӘРІГЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУЫН ТОҚТАТУ АЛГОРИТМІ (Психиатр дәрігердің есебінен қалай шығуға болады)
      21 декабря 2021
      Загрузить еще
      • 1
      • 2
      • 3
      • 4
      • 5
      • 6
      • 7
      • ...
      • 13
      +7 (7182) 39 08 00 +7 778 046 80 87
      Қоңырауға тапсырыс беру
      info@cardiomedical.kz
      Республика Казахстан
      Павлодарская область
      г. Павлодар
      ул. Ткачева 10/3
      Біз әлеуметтік желідеміз
      • Facebook
      • Instagram
      Баспаға арналған
      нұсқа
      © 2025 Барлық құқықтары қорғалған.
      Лицензиялар
      Құпиялылық саясаты

      Добро пожаловать

      на сайт

      КГП на ПХВ "Павлодарского областного кардиологического центра"