Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі – БМСК) жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер, жалпы практикадағы мейірбикелер, учаскелік мейірбикелер, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы психологтар Қазақстан Республикасы Кодексінің 123-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетеді.
Аудандық-аумақтық қызмет көрсету қағидатына сәйкес, поликлиника қызмет көрсету аумағында тұратын азаматтар жалпы практика дәрігерінің, учаскелік педиатрдың, акушер-гинекологтың дәрігерлік көмегіне бекітіледі.
Поликлиникадағы медициналық көмек азаматтардың тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйыммен келісім негізінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген «Бірінші медициналық-санитариялық көмекті көрсету қағидаттарына» сәйкес айқындалады.
Поликлиникада медициналық көмек ҚР ДСМ бекіткен клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетіледі.
БМСК ұйымы халыққа мынадай шеңберде медициналық көмек көрсетеді:
1) ТМККК аясында (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 қаулысы);
2) МӘМС жүйесінде (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №421 қаулысы);
3) ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде.
Пациенттің поликлиникаға медициналық көмекке жүгіну тәртібі:
Медициналық көмек алу үшін азамат тұрғылықты жері бойынша поликлиниканың тіркеу бөліміне жеке өзі, телефон арқылы немесе интернет желісі арқылы жүгінуі қажет. Белгіленген уақытта медициналық көмекке жүгінген азамат қабылдауға келуге тиіс (үйге шақырту кезінде көрсетілген мекенжайда болуы қажет).
Медициналық көмек көрсету үшін қажетті құжаттар:
Медициналық көмек Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда: паспорт, ҚР тұруға ықтиярхаты, босқын куәлігі бойынша көрсетіледі.
Аталған құжаттары жоқ адамдарға шұғыл және жедел көмек тек өмірлік көрсеткіштері бойынша көрсетіледі.
Жалпы практика дәрігері, учаскелік педиатр, акушер-гинеколог:
· поликлиникада ҚР ДСМ бекіткен клиникалық хаттамаларға сәйкес алғашқы көмекті ұйымдастырады;
· науқас поликлиникаға келе алмаған жағдайда үйде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
· Пациенттер дәрігер-мамандарға тек консультацияға, емдеуге немесе күндізгі стационарға тек медициналық көрсеткіштер негізінде ғана жіберіледі!