2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДЖ) еліміздің азаматтарына дербес таңдау құқығын берді — бұл дегеніміз емделу үшін емхана, учаскелік дәрігер немесе стационарды өз еркімен таңдау. Емханаларға бекітілу жылына шамамен бір рет өтеді.
Жоспарлы емдеу кезінде пациент өз учаскелік дәрігерінің көмегімен қандай клиникада көмек алуға болатынын өзі шешеді. Тіпті пациенттің қай облыста тұратыны да маңызды емес, ол елордалық клиникаларға, басқа аймақтардың ауруханаларына бару мүмкіндігіне ие болады, бірақта, жол жүру ақысын өзі төлейді.
Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу үшін не білу қажет?
- 1 қадам. Пациент медициналық көмек алу үшін тіркелген орны бойынша емханаға жүгінеді.
- 2 қадам. Пациент аумақтық емханадағы емдеуші дәрігеріне барып, минималды (қажетті) зерттеулерді өтуге тиіс.
- 3 қадам. Учаскелік дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп ауруханаға жатқызуға айғақтары бар болуы туралы мәселені шешеді. Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін жолдама дәлелді болуы тиіс.
- 4 қадам. Ауруханаға жатқызу айғақтары болған жағдайда, емханада емдеуге жатқызу порталына жауапты маман, қажетті бейіндегі қандай стационарда бос орындар бар туралы мәліметтерді ұсынады. Бұл ретте пациент стационарға жату үшін қажетті талдауларды тапсырып, тексерістерден өту туралы пациент алдын-ала дайындалуы тиіс.
- 5 қадам. Таңдаған стационарда бос орындар болған жағдайда, емхана оған емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін белгілейді.
- 6 қадам. Емхана қызметкерлері пациентінің деректерін емдеуге жатқызуға мұқтаж ретінде порталға енгізеді. Науқасқа өтінім тіркелген кезде, емдеуге жатқызу коды оған автоматты түрде беріледі.
- 7 қадам. Стационар емдеуге жатқызу өз күнін қояды, өйткені ауруханаға жоспарлы науқастармен қатар шұғыл науқастар түседі, сондықтан емхана қойған күнімен оның келіспеуі мүмкін.
- 8 қадам. Емхана мамандары пациентті емдеуге жатқызу күні туралы мәліметтерді стационардан алады, ауруханаға жатқызу талонын басып шығарады, және оны тікелей емделушіге табыстайды.
- 9 қадам. Науқас өзі таңдаған стационарға нақты күні түседі, өзімен бірге жолдама мен талоны болуы тиіс. Өміріне қауіп төнген жағдайларда пациент жатқызу бюро Порталына қарамастан клиникаға шұғыл түрде жатқызылады.
- 10 қадам. Пациент емделуге жату үшін жолдамада көрсетілген уақытта келуге міндетті. Пациент келмеген жағдайда, өтінім күшін жояды.
Күтпеген жағдаяттар туындағанда (басқа жіті аурулары, жол жүру, билеттің болмауы т. б.), оған өз учаскелік дәрігерін уақытында хабардар ету қажет.
Егер жолдама коды болса қазақстандықтар сайты бойынша елдің стационарларында бос орындардың болуы туралы біле, ауруханаға жатуға өз кезегін тексере алады.
Айта кету керек, күту парағында тегі көрсетілмейді, мұнда жолдамаңызда көрсетілген емдеуге жатқызу кодын білу қажет, осының барлығы дәрігерлік құпияны сақтау үшін жасалған.
Портал енгізудің негізгі мақсаттары:
- Біздің аймақтың азаматтарына толық, жедел және шынайы ақпарат беру.
- ТМККК шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызудың ашықтығын қамтамасыз ету.
- Адами фактордың минималды қатысуымен емдеуге жатқызу үдерісін автоматтандыру.