Шетелдік медицина ұйымдарында емделу ҚР қолданылмайтын жоғары технологиялық емдеу әдістерін талап ететін ауруларда жүзеге асырылады.
Толығырақ egov.kz сайтында оқу.
Егер адам ауырып қалса және емдеу мен диагностиканы қажет етсе, осының барлығын тегін, мемлекет қаржысы есебінен бөлінетін квота бойынша алу мүмкіндігі бар. Квота — бұл мемлекеттің өзінің ауырып қалған азаматына белгілі бір емдеу түрін жүргізуге бөлетін қаржы. ҚР әр азаматы медициналық көмекті тегін, мемлекет қаржысы есебінен алуға құқылы. Осы мақалада біз квота бойынша қалай емделуге болатыны туралы баяндаймыз, бұл шынында Қазақстанда және шетелде бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек деп аталады.
Емханаларда және ауруханаларда емделу
Квота тегін тексеруді, емделуді, соның ішінде операциялар жасау мен дәрі-дәрмек және тамақтануды ұсынуды кепілдендіреді. Әр аймаққа халықтың санына байланысты белгілі бір квоталар саны есептелген. Бірінші кезекте пациентке медициналық тексерістен өтіп, өз емханасындағы емдеуші дәрігерден жолдама алу керек.
Квотаны қандай жағдайларда береді? Квота стационар шарттарында мемлекет қаражат есебінен медициналық көмекті ұсынуға есептелген. Медициналық көмекті көрсету – емханалар мен ауруханаларда емдеу – мемлекеттен тегін медициналық көмектің көлеміне енеді. Егер сіздің диагнозыңыз тәулік бойы бақылауды талап етпесе, онда сіз амбулаторлық-емханалық деңгейде емделе аласыз. Стационарлық емдеуге көрсеткіштер болғанда науқасқа жолдама беріледі. Пациент тіркеу нөмірін алғаннан кейін ҚР ауруханаларындағы госпитализация үшін бос орындарды Республикалық емдеуге жатқызу бюросының веб-сайтында дербес қадағалай аласыз.
Квота бойынша шетелде емделу
Шетелдік медицина ұйымдарында емделу ҚР қолданылмайтын жоғары технологиялық емдеу әдістерін талап ететін ауруларда жүзеге асырылады. “Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы”, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына сәйкес пациенттер бюджеттік қаражат есебінен шетелде емделе алады. Басым тәртіппен балалар, жүкті әйелдер, туыстық донор болған жағдайда ағзаларды, тіндерді трансплантаттау жүргізуді қажет ететін пациенттер аурудың бір бейіні бөлігіндегі қалыптасқан кезектілікке сәйкес жіберіледі. Балалар, сондай-ақ бөгде күтімді қажет ететін тұлғалар шетелдік медицина ұйымдарына көліктік шығындарын бюджет қаражаты есебінен Уәкілетті орган төлейтін ілесіп жүретін адаммен жіберіледі, оның көлік шығындарын ҚР ДМ бюджет қаржысы есебінен төленеді.
Сонымен қатар шетелдік клиникаларда қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақаттар алған және отандық дәрігерлер көмектесе алмаған, ауыр жарақат алған әскерилер және полицейлер емделе алады.
Шетелдік клиникада емделу квотасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- Науқас емделген Қазақстан ауруханасынан медициналық қорытынды. Анықтамада елдің медицина ұйымдарының науқасқа қажетті емдеуді қамтамасыз ете алмайтыны көрсетіледі;
- Негізгі және қосалқы ауруларды, диагностикалық тексеру, өткізілген емдеу курсының нәтижелерін көрсетумен ауру тарихынан көшірме;
- Қала және облыстың денсаулық сақтау басқармасының салалық мамандарының қорытындысы;
- Жергілікті – қала немесе облыс денсаулық сақтау басқармасының сұраныс хаты. Бұл құжат – шетелге емдеуге жіберудің нақты жолдамасы десе де болады.
Егер айтылған құжаттардың бірі болмаса, өтінім қарауға қабылданбайды. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Өтінім 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Егер комиссия пациентті шетелдік медицина ұйымына емдеуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдаса, 5 жұмыс күні ішінде пациентке (оның заңды өкіліне) республика аумағында медициналық көмек алуды ұсынады.
Оң шешім қабылданған жағдайда ҚР азаматтарына медициналық қызметтерді ұсынуға шетелдік ұйыммен шарт жасалады.
Шетелдік медицина ұйымдарына пациенттерді жіберумен байланысты шығындарды (емдеу, жолақы) төлеу мемлекет есебінен жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда шетелдік медицина ұйымдарында ауыр жағдайда болған ҚР азаматтарын тасымалдаумен байланысты шығындарды төлеу ҚР Премъер министрімен келісу болған жағдайда Комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда шетелдік медицина ұйымдарында ауыр жағдайда болған ҚР азаматтарын тасымалдаумен байланысты шығындарды төлеу ҚР Премъер министрімен келісу болған жағдайда Комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Шетелдік медицина ұйымдарының қызметтерін төлеу ҚР ДМ және шетелдік медицина ұйымының арасындағы жеке шарт негізінде жүзеге асырылады. Шарт емдеу әдістеріне және ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімге жасалуы мүмкін және емдеуді кезеңдік төлеуді көздеуі мүмкін.
Егер шетелдік медицина ұйымдарына пациент мүшелерді және тіндерді трансплатациялауға жіберілсе, емдеуді кезеңдеп төлеу көзделеді. Шетелдік клиникадағы емдеудің бірінші кезеңі – пациентке донорды таңдау үшін қажетті зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ донорды тікелей іздеу. Емдеудің екінші кезеңі – мүшелер және тіндер трансплатациясы. Пациенттің, сондай-ақ қоса алып жүретін адамның бірінші және екінші кезеңдерге жолақысын Комиссияның шешімі бойынша ҚР ДМ жүзеге асырады. Мүшелер және тіндерді тасымалдаудағы емдеудің әр кезеңіне шетел клиникасымен жеке шарт жасалады.
Қазақстандық пациенттер Батыс Еуропада, Израилде, Ресейде және Белорусияда емделеді. Қытай мен Пәкістанда емделуге тілек білдіргендерге ҚР ДМ әдетте бас тартады, себебі бұл елдердің медициналық стандарттары біздікінен ерекшеленеді.
Емдеу курсы аяқталғаннан кейін пациент және оны қоса алып жүрушілер ауруханадан шыққаннан кейінгі 10 күнтізбелік күн ішінде ҚР ДМ келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- шетелдік клиниканың нұсқауларымен ауру тарихынан көшірме
- егер емдеу республикалық бюджеттен төленсе жолақы құжаттары
- орындалған жұмыстар актісі.
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі
- Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері.
- Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер.
- Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.
- Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері.
- Кератопротездеу.
- Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар.
- Өңеш стеноздары.
- Трахея стеноздары.
Квотаны төмендегі мүшелердің трансплатациясына зәру азаматтар алады:
- жүрек;
- бүйрек,
- бауыр,
- жілік майы.
Толығырақ egov.kz сайтында оқу.