Қолқа-коронарлық ұштастыру (ҚКҰ) – тарылған коронарлық тамырларды шунт көмегімен (тамырлы протездер) айнала өтетін жүректің қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін хирургиялық ота.
Жүрек қақпақшаларын протездеу – жүрек функциясын бұзған бір немесе бірнеше жүрек клапандарын протезбен ауыстыру хирургиялық операция.
Пациент жүрекке ота жасаудан бас тартқан жағдайда өзін келесі қауіп-қатерлерге ұшыратады:
- жүрек ауруының қарқындылығы мен ұзақтығының арта түсуі;
- дене белсенділігі төмендеуі;
- азғана физикалық жүктеме кезінде (жүру, тыныштықта) жүректе ауырсыну пайда болуы;
- жүрек ырғағының бұзылуы және жүректің шалыс соғуы;
- жүрек бұлшықеті резервінің сарқылуы, жүрек тіндердің жансыздануы салдарынан созылмалы жүрек жетіспеушілігі пайда болуы;
- пациенттің ота жасауға жарамайтыны, жүректі донорлық органмен ауыстыру қажеттілігі (жүрек трансплантациясы);
- жүрек аурулары асқыну салдарынан басқа да жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар (ми, өкпе, бүйрек, бауыр);
- мүгедектік;
- кенеттен қайтыс болудың жоғары қаупі.