Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғаруы бойынша: «ЖИА — миокардты артериялық қанмен қамтудың салыстырмалы немесе мүлдем кемуінің салдарынан жүректің жіті немесе созылмалы түрде қызмет жасамауы. ЖИА 90 % жағдайда жүректің коронарлық артерияларының (жүректің бұлшық етін қанмен, яғни, оттегімен қамтитін артерия) зақымдалуы анатомиялық негізі болып табылады. Атеросклероз жағдайда артериялардың ішкі қабырғасын май басады, олар ары қарай қатайып артерияны тарылтады, жүректің бұлшық етіне баратын қан азаяды. Сол себептен эмоциялық немесе денеге түсетін ауырлықтан науқастың жүрегі мазалап ауыра бастайды. Алқымдағы ауру – былайша стенокардия (жүрек қыспасы) төс түйсігінің қысымымен сипатталады. Сол жақ иық, қол немесе екі қол, мойын, жақ және тістер ауыра бастайды. Бұл мезетте науқастардың тынысы тарылып, қорқыныш сезінеді ұстама тоқтағанша қозғала алмай қатып қалады. Айтып кетер жәйт, бұл аурудың ауыртпалықсыз өтетін түрлері болады, олар өте қауіпті, өйткені аурудың соңғы кезеңінде анықталады. Бұл аурудың қауіпті нәтижесі - жүрек ұстамының пайда болуы бұл дегеніміз жүректің бұлшық еттерінің біразы өледі немесе миокард инфаркты болады. Осы аурудың кесірінен жүрек жетіспеушілігінен өлім-жітім дүние жүзінде алдынғы қатарда тұр.
Ұштастыру — бұл ота кезінде көктамырдың бөлігін, әдетте тері астындағы аяқтың ірі көктамырын қолқаға тігеді. Тамырдың екінші ұшын коронарлық артерияның бұтағына тігеді. Сөйтіп, зақымдалған немесе бітеліп қалған коронарлық артерия бөлігін айналып өтіп жүрекке басқа жолмен баратын қанның мөлшері артады. Осы мақсатпен ұштастыру үшін ішкі төс қуысының артериясы немесе/және сол жақ иық артериясы алынады. Артериялық немесе күретамырлық шунттардың қолданылуы жеке клиникалық жағдайларға байланысты.
Қолқа-коронарлық ұштастыру отаның мақсаты жүректің бұлшық етіне бағытталған қан ағымын жақсарту. Хирургтердің шешетін негізгі стратегиялық міндеті, зақымдалған коронарлық тамырлардың орнына жүректің бұлшық еттерін артериялық қанмен толық қамтитын жаңа арнаны құру. Осы отаның нәтижесінде миокард инфарктінің қаупі едәуір төмендейді және кеуденің ауру ұстамаларының толық жойылуы, тыныс алу мен төзімділігінің түзелуі науқастың өмір сапасын жақсарады.
Әдетте, науқас ота жасаудың алдында бір күн бұрын жатады. Отаға дейінгі толық зерттеулерге бұл жеткілікті. Сол кезде Сіз өкпені шырыштан қалай тазарту керек туралы нұсқауды аласыз, терең тыныс алу үшін әртүрлі жаттығулар және жөткіріну әдістерін үйретеді. Ота жасайтын және отадан кейін Сіздерді күтетін хирург, кардиолог, анестезиологпен таныса аласыз.
Бұл әбден қалыпты жағдай. Егерде Сіз бұл отаның қажеттілігін және уақыттылылығын ұғынсаңыз Сіздің толқуыңыз азаяды. Дәрігерлермен сөйлесіңіз, Сізді қызықтыратын сұрақтарды сұраңыз. Қажетті жағдайда Сізге жеңіл тыныштандыратын дәрі береді.
Отаның алдында бір күн бұрын Сізге хирург кіріп шығады, Сізбен бірге алдағы отаның егжей-тегжейін талқылайды, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Анестезиолог Сізді қарайды, ота кезінде өмірге маңызды ағзаның қызметтері қалай сақталатыны туралы айтып береді. Сіздің денсаулығыңызға байланысты сұрақтарды береді, бұрын болған оталар туралы және ота кезінде қолданылатын Сізге жақпай қалуы мүмкін кейбір дәрілер туралы сұрайды. Жеңіл түскі астан соң медбике (немесе мейірие) дайындық емшараларын өткізеді.
Сізді ота жасайтын бөлімге апарар алдында, өзіңіздің жеке заттарыңызды (көзәйнек, тіс протезі, сағат, әшекейлер және контактілі линзалар) отбасы мүшелеріне немесе медбикеге тапсырыңыз. Отаға дейін шамасы бір сағат уақыт қалғанда Сізге үрейіңізді сейілдіретін, ұйқышылдық тудыратын дәрі береді. Операциялық бөлмеде анестезиолог Сізге ауырттырмайтын заттарды кіргізеді, ота кезінде Сіз қатты ұйықтап ауырғанды сезбейтіндей.
Коронарлық тамырларды ұштастыру отасы әншейінде 3 сағаттан 6 сағатқа дейін созылады. Отаның ұзақтылығы оның күрделігіне және пациенттің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан, қанша уақытқа созылады анау немесе мынау ота деп айтуға қиын. Ұштастыратын тамырлар не бары көп болса, ота соншама ұзақ жалғасатыны айқын.
Ота жасау біткен соң Сізді қарқынды терапия бөлімшесіне апарады. Онда Сіз оянасыз. Оянғаннан кейін Сіз аяқ-қолмен бірден қимылдай алмайсыз. Қорқатыны жоқ, бұл анестезияның қалыпты салдары. Біраз уақыт өткен соң қозғалыс координациясы қалпына келеді.
Жүрекке қол жеткізуді қамтитын тілік көкірек қуысының ортасында жасалады, яғни төстің орта сызығымен кетеді. Екінші тілік немесе тіліктер аяққа жасалады. Ұштастыруға қажетті тамырды хирургтер дәл сол жерден алады. Егерде бірнеше шунт қажет болса, Сіздің аяқта бірнеше тілік болады. Мүмкіндігіне қарай біздің Орталықта шунттарды шамасы 1 – 2 см тіліктерден эндоскопиялық әдіспен алады. Артерияны қолдан алуға да болады. Мұнда тілік білекке жасалады. Әдетте, тілік солақайлардың оң қолына, оңқайлардың сол қолына жасалады. Сондай-ақ, артерияны 2 см тілік арқылы эндоскоппен алады.
Аяқтан тамыр өте жиі алынады, бірақта барлық жағдайларда емес. Оның себебі аяқтың тамырлары «таза» деп саналады, өйткені атеросклерозға шалдықпаған. Сонымен қатар, бұл тамырлар ұзынырақ және ірі. Ақырында, тамыр бөлігін аяқтан алғаннан кейін асқынулар болмайды. Қанайналымы бұзылмайды. Отадан кейінгі алғашқы аптада науқастың аяғы жүргенде, ұзақ уақыт тұрғанда кішкене ауырады. Уақыт өте келе бұл жайсыздық кетеді, науқас өзін жақсы сезіне бастайды.
Сізге отадан соң тез арада және жеңіл сауығу үшін денеңіздің әртүрлі жерлеріне түтікше мен сымдар орнатылады. Кішкентай түтікшелер (оларды катетер дейді) Сіздің қолыңызға, мойныңызға, саныңызға кіргізіледі. Катетерлер дәрілерді, сұйықтықтарды тамырға жіберу үшін, талдауға қан алу үшін, әрдайым қан қысымын тексеру үшін қажет. Олар Сізге қандай да бір жайсыздық әкелмейді. Катетерден басқа бір немесе бірнеше түтікше Сіздің кеуде қуысына еңгізіледі. Олар отадан кейін жиналатын сұйықтықтарды сорып отырады. Бір ұшы кереуеттің жанындағы мониторға, ал басқа ұшы Сіздің денеңізге қосылған электродтар медперсоналға Сіздің жүрегіңіздің жиілігін, ырғағын бақылауға көмектеседі. Одан басқа, кеуденің төменгі бөлігіне жіңішке сымдар жапсырылуы мүмкін, қажетті жағдайда жүрекке ынталандыру беретін. Ақырында, Сіз отадан кейін оянғанда Сіздің аузыңызда тыныс алатын (эндотрахеялық) түтікше болады. Ол ауыртпайды, бірақта Сіз сөйлесе алмайсыз. Медбике Сізге қасыңыздағы кісілермен тілдесуді көрсетеді. Өзіңіз тыныс алу жағдайға келгенде түтікшені алып тастайды. Әдетте бұл отадан кейін бір тәулікте болады. Кейбір жағдайларда түтікшені Сіз оянғаннан соң сол ота бөлмесінде алып тастайды.
Әрине, қарқынды терапия бөлімшесіндегі жағдай Сізге өзгеше болып көрінеді.Біріншіден, күні-түні жарық жанып тұрған бөлмеде уақыт өтпейді. Екіншіден, Сіздің ағзаңызда наркоз кезінде еңгізілген аппараттардың іздері қалады. Осындай күрделі ота артта қалуына байланысты шаттық күйді алып тастауға болмайды. Мұндай жағдайда Сіздің сезімдеріңіз алдамшы. Сіз өзіңізді адасқан адамдай сезуіңіз мүмкін.Бұл сезім қабылдап жатқан дәрілердің әсерінен ұлғаюы мүмкін. Сондықтан Сіздің қолдарыңыз біраз уақыт байлаулы болады. Бұл сезім уақытша, бір екі күннен соң басылады, сосын Сізді басқа палатаға ауыстырады. Сіз жақсы демалып, ойдың саралығы қалпына келіп, ұйқыңыз түзеледі.
Ұштастыру отадан кейінгі қызу көтерілуі – бұл қалыпты жағдай. Кейде қызудың көтерілуінен Сіз түнде ғана емес күндіз де терлеуіңіз мүмкін. Қызу отадан соң үш немесе төрт күн көтеріледі де басылады.
Отадан кейінгі алғашқы кезеңде біраз ұсыныстарды Сіз қатал ұстануыңыз керек. Біріншіден, хал-жағдайыңыздың бірде бір нашарлауы туралы кезекші медбикеге дереу хабарлауыңыз керек. Екіншіден, өзіңіз немесе күтушілердің көмегімен Сіз қабылданған және шыққан сұйықтықты айқын бақылауыңыз керек, Сіздің дәрігеріңізге қажетті жазбаларды жасауымен. Үшіншіден, отадан кейін өкпенің қабынуынан сақтану үшін және тынысты қалыпты жағдайға келтіруге арнайы аппаратпен жаттығу жасауыңыз керек. Тыныстық жаттығулар тиімді болу үшін Сізге сағат сайын «Трифлоу» аппаратымен жаттығуды ұсынады. Сонымен қоса, дұрыс жөткіріну үшін медициналық персонал өкпенің маңайында уқалау қимылдарын жасайды. Осы тәсіл ішкі вибрацияны тудырады, бұл өз кезегінде өкпедегі сөлдің шығуын тездетеді де жөткіруді жеңілдетеді. Көп науқастар отадан кейін жараға зиян келеді немесе жазылуына бөгет болады деп жөтелуге қорқады. Мұндай қауіп жоқ, Сіздің отадан кейінгі сауығуыңызға жөткіру өте маңызды. Кейбір науқастар жөтелгенде кеудесіне қолдарын немесе арнайы білікшені басады. Сізге қай кезде бүйірмен жатуға болады екенін хирургіңізбен кеңесу керек.
Сіздің тамағыңыздан дем алатын түтікшені алғаннан кейін бір сағаттасын сұйықтық жұтуға болады. Сіз осыдан кейін езілген тамаққа , сонан соң қалыпты тамақтануға қалайша тез көшетініңізді айту қиын: барлық науқастарда бұл әртүрлі болады, адамның ерекшеліктеріне байланысты – әдетте отадан соң бірінші немесе екінші күні. Толық ұсынымдарды емдеуші дәрігерден алуыңызға болады.
Ұсынылатын белсенділіктің деңгейі әр жағдайда жеке болады. Отадан кейін екінші немесе үшінші күні Сізге таққа отыруға немесе бөлмеде жүруге рұқсат беріледі. Кейінірек Сізге палатадан шығуға рұқсат беріледі. Шығатын күн жақындаған кезде Сізге баспалдақпен жүріп немесе дәлізде көп уақыт жүруге рұқсат беріледі. Отадан кейін жуынуға күш қабілетіңіз болмаса, бір жарым екі аптадан соң душ қабылдап басыңызды жууға рұқсат беріледі.
Бастапқы кезде арқамен жату керек. Бірақта, Сіз арқада көп уақыт қозғалмай жатсаңыз, өкпеңізде сөл жиналып қалады, сондықтан, ота жасаған күні Сізді бірнеше рет кереуеттің шетіне отырғызады, екінші күні таңертең және кешке креслоға. Кейінгі белсенділігіңіз Сіздің жағдайыңызға байланысты, ал үшінші күні Сізге дәретханаға баруға рұқсат беріледі.
Науқастардың көбі жайсыздыққа жалынады, бірақта Сізге қатты ауруды сезінбеуге ауыртпайтын заманауи дәрілер көмектеседі. Кесілген бұлшық еттерінде жайсыздық болады. Егерде Сіз жайлы жайғассаңыз, Сізге жеңілдеу болады. Егерде Сіз қатты ауыруды сезінсеңіз, дереу медбикеге немесе дәрігерге хабарлаңыз. Сізге ауырттырмайтын екпе жасалады.
Отадан біраз уақыт өткен соң Сіздің кеудеңіздегі жарадан таңғыш шешіледі. Ауаның арқасында жараңыз кеуіп, жазыла бастайды. Науқастардың аяғындағы тіліктердің саны мен ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін, бұл Сізге қанша шунт қойғанына байланысты. Біреулерде тілік тек бір аяғында, кейбіреулерде – екі аяғында, кейбіреуде – қолында. Басында Сіздің тігістеріңізді антисептикалық ерітінділермен жуып, жараны таңады. Жақсы жазылып келе жатса, 10 – 12 тәулікте жіптері, сақтандыру электроды алынып тасталады. Кейінірек тігіс жерлерін сабын сумен жууға болады. Тамырлар алынған жердің түнгі уақытта немесе көп тұрғанда қызуы немесе ісуі байқалуы мүмкін. Бірте-бірте қанайналым қалпына келгесін бұл белгілер кетеді. Аяқтың қан айналымын жақсартып, ісікті азайту үшін Сізге қолдаушы эластикалық бинт немесе шұлық кию ұсынылады. Кеуденің толық тұтасуы бірнеше айдан соң болады, сондықтан, иыққа салмақты бірте-бірте өсіру қажет.
Әдетте қолқа-коронарлық ұштастыру отадан кейін науқастар клиникада 14 – 21 күн болады.Бірақта бұл мерзім өзгеріп тұрады. Әдеттегідей, бұл ілеспелі аурулардың профилактикасымен байланысты, өйткені, бұл ота науқастың барлық ағзаларынан үлкен күш-жігер талап етеді – бұл созылмалы ауруларды қоздыруы мүмкін. Сіз бара-бара жалпы жағдайыңыз жақсарып, күш-қуат пайда болғанын сезінесіз.
Науқастар ауруханадан шығарда қорқыныш пен абыржу сезінеді. Кейде олар тәжірибелі дәрігерлердің қарамағында сезген қауіпсіздікті ауруханадан шығарда жоғалтып алуға қорқады. Олар үйге қайтып баруды қауіп-қатермен ілестіреді. Естеріңізде болсын, дәрігер Сіздің жағдайыңыз толық жақсарғанына көзі жетпей клиникадан шығармайды, бұдан әрі сауығуыңыз үйде немесе шипажайда етуі керек.
Әдетте науқастарды үйіне туыстары жеткізеді. Егерде, Сіз үйге автобус, пойыз немесе ұшақпен қайтатын болсаңыз емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз, ол Сізге әр жағдайға толық ұсыныстар береді.
Жүрек пен тамыр ауруларының даму қаупін төмендету үшін дәрігер Сізге тамақтану тәртібін түсіндіреді. Тұз бен әдетте малдың майында көп болатын қаныққан майдың мөлшерін қысқарту өте маңызды. Отадан кейін жүрегіңізбен ешқандай мәселе болмайды деп ойламаңыз. Егерде Сіз ас мәзіріңізге, өмір салтыңызға (шылымнан бас тарту, сауықтыру гимнастикамен шұғылдану) маңызды өзгерістер кіргізбесеңіз, аурудың қайталау қаупі өте жоғары болып қалады. Сіздің коронарлық артерияларыңызбен болған баяғы мәселелер сол жаңа ауыстырылған тамырларыңызға көшеді. Мұның қайталануына жол бермеңіз. Тамақтануда ұстанатын белгілі ережелерге қоса өзіңіздің салмағыңызды қадағалаңыз. Тамақ пен сусынды таңдағанда басшылыққа қанағат пен парасаттылықты алыңыз.
Сізге шылым шегуге болмайды. Соңғы он жылда шылым шегудің жүрекке, өкпеге және басқа ағзаларға әкелетін зияны туралы өте көп дәлелді материал жиналды. Есіңізде болсын, шылым шегу тек қана жүрек ауруларынан өлім себебі болып қалмайды , ол обыр ауруына да себеп. Тіпті өте сау адамдардың шылым шекпегені жөн. Егер Сіз шылым шегетін болсаңыз – ТАСТАҢЫЗ!!!
Ауруханадан шыққан кезде Сіз өзіңізді әлсіреген болып сезінесіз, бұл қалыпты жағдай. Бұл әлсіздікті Сіз жүрекке жасалған отаға апаруыңыз мүмкін, шынында бәр мәселе Сіздің жұмыстан алшақтаған бұлшық еттеріңізде, әсіресе ірі. Белгілі жағдай, егерде сап-сау жас адамды бір аптаға төсекке жатқызып қойса, ол бұлшық етінің 15 % күшін жоғалтады. Сондықтан, жасы үлкен науқастың екі апта немесе одан да көп уақыт ауруханада жатып шыққаннан соң үйіне келіп, тіршілік жасарда тез шаршауы қалыпты жағдай. Бұлшық ет күштерін қалпына келтіру үшін жаттығулар жасау керек. Отадан кейін жаяу жүру өте тиімді. Мөлшерлеу жүктеменің негізгі критерийі тамыр соғуының жиілігі, бастапқы кезеңде салмақ түсіргенде ол минутына 120 соққыдан аспауы керек. Асып кеткен жағдайда, Сіз жүріс қарқынын өзгертуіңіз керек, отырып, демалуыңыз қажет. Үйге қайтып келу физикалық әсерден басқа Сізге психологиялық тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Кейде пациенттер депрессияға жалынады. Оларға сауығу процессі өте баяу жүріп жатқан сияқты көрінеді, жабырқайды, уақыт тоқтап қалған сияқты көрінеді. Егерде Сіз депрессияға ұшырағаныңызды байқасаңыз, бұл жағдайды жұбайыңызбен, туыстарыңызбен, жақын достарыңызбен, психолог немесе дәрігермен бөліскеніңіз жөн болады.
Сіз тек қана өзіңіздің дәрігеріңіз жазып берген дәрілерді қабылдауыңыз керек. Егер дәрігер жазып бермесе отаға дейінгі дәрілерді қабылдамаңыз. Рецептсіз сатылатын дәрілерді қабылдамаңыз.
Инфекция белгілері (отадан кейінгі тігіс қызарғанда, суланғанда, қызу көтерілгенде, дірілдеп қалтырағанда), еңтігу, ісіну, тез салмақ қосу, шаршағыштық, жүрек ырғағы жиілігінің өзгеруі немесе басқа да Сізге қауіпті болып байқалған жағдайларда өзіңіздің дәрігеріңізбен байланысыңыз.
Жұмысты отырып істейтін науқастар үйге шыққан соң шамасы алты аптадан кейін жұмысына кірісе алады. Ал ауыр жұмыстағы адамдарға біраз тосу керек.
Сіз келесі ережелерді ұстануыңыз қажет:
- Таңертең бір уақытта тұру керек.
- Қажеттілігіне қарай жуыну немесе душ қабылдау.
- Күні бойы түнгі көйлекпен жүре бермей әрдайым киімді ауыстырып отырыңыз. Өзіңізді ауыр науқас ретінде қабылдамай, дені сау, белсенді адам ретінде қабылдаңыз.
- Таңғы астан соң, түстіктен соң және біраз еңбектенгеннен кейін жатып демалыңыз. Жоғары белсенділіктен соң демалу өте пайдалы, сондықтан, таңертең біраз (үйден бірнеше квартал) жүріп келгесін біраз ұйықтап алыңыз. Сізге театр, ресторан, дүкендер, достарға баруға болады, көлікте жүріп баспалдақпен көтерілуге де болады. Кейбір жағдайларда дәрігер Сізге жүк салмақтың біртіндеп жоғарылаудың қаталдау кестесін белгілеуі мүмкін. Мұндай бағдарламаға ергендер, отадан бірнеше апта өткен соң күніне 2 – 3 км жүре алады. Әдетте, мұндай жаттығу үшін далаға шығу керек, бірақта күн өте суық немесе өте ыстық болғанда осы километрдерді жабық бөлмеде жүру керек.
Сіз жыныстық қатынасқа қалаған жағдайда кірісуіңізге болады. Бірақта, кеуденің толық тұтасуы 3 – 4 айда бітеді, сондықтан, кеудеге салмақ небары аз түсетін позиция қолайлы. Әлдеқайда мәселелер шықса дәрігерге жүгіну керек.
Сіздің денсаулығыңыз біраз жақсарғанда Сіз көлік жүргізе аласыз. Әдетте ауруханадан шыққасын бірнеше апта күткен жөн. Егерде көлік жүргізу Сіздің мамандығыңыз болса, дәрігеріңізбен тек қана сауығы кезеңді емес, көлікті жүргізіп келе жатып рульді бұрғанда төс сүйегіне қандай салмақ түсетінін талқылаңыз.
Отадан кейін дәрігерді қаншалықты жиі көретіңіз Сіздің жағдайыңыз бен дәрігердің ұсыныстарына байланысты. Әдетте келесі кеңес алуды науқас шығарда жазып береді. Үйге клиникадан қайтып келгесін өзіңіздің отбасы дәрігеріңізбен немесе тұрғылықты учаскелік кардиологпен келіп тұру туралы келісесіз.
Әдетте, коронарлық артерияларды ұштастыру отасы науқасты қалыпты өмірге әкеледі. Отаның мақсаты Сізді жұмысқа қайтару, немесе егерде Сіз зейнетте болсаңыз салауатты өмірге қайтару. Отадан кейін Сізде өмір салтын өзгерту ынта пайда болады. Шылымды тастаңыз, әрдайым қан қысымын, салмағыңызды бақылап отырыңыз, тұз, қаныққан майларды пайдалануды азайтыңыз. Кейбір дәрігерлер өзінің пациенттеріне жұмысты шектеулі бір уақыт істеуді ұсынады. Егерде Сіз әрдайым жұмыс туралы, соны тезірек бітіру туралы ойлай берсеңіз, бұл Сізді күйзеліс жағдайларға, яғни жүрек ұстамасына әкеледі.
Отадан кейін сауығып келе жатқаныңызды сезіне отырып, Сіз сол отаның пайдалығын толық көлемде бағалай бастайсыз. Коронарлық артериялардағы қан ағымының ұлғаюы, ауырудың азайғаның, стенокардияның әлсірегенін немесе толық кеткенін білдіртеді. Сізге қажетті дәрілердің саны азайғанын байқайсыз, тіпті оларды толық тастайсыз, ал денеге түсетін ауырлық Сізді жалықтырмайды. Сіздің өмір сапаңыз әлбетте жақсарады.