Дүниежүзілік жүрек күніне орай Павлодар кардиологиялық орталығында «Ашық есік» күні өтті.Акцияның басты мақсаты – жасырын қауіптерді анықтау және ағзаның ең маңызды мүшесіне қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салу болды.
40 жас және одан жоғары жастағы 180-нен астам павлодарлық жолдамасыз және алдын ала жазылусыз ЭКГ тексеруінен өтіп, кардиологтардың кеңесін алды.
Көптеген адамдар алдын ала ойластырып, өздерімен бірге бұрынғы тексеру нәтижелерін ала келген; бұл дәрігерлерге олардың денсаулық жағдайын уақыт өте келе қалай өзгергенін бағалауға мүмкіндік берді.

Сізді ойландыратын статистика:
Іс-шараға қатысқандардың 75%-дан астамында жоғары қан қысымы анықталды. Бұл – күнделікті бақылауды қажет ететін маңызды қауіп көрсеткіші!
Пациенттердің 12% жүрек ырғағының бұзылуына қатысты ұсынымдар алды.
Кеңес алуға жүгінгендердің 10% жүректің ишемиялық ауруы бар.
Скринингке қатысушылардың 10% созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен өмір сүруде.
Дәрігерлер әр пациентке тиісті кеңестер берді: кейбіреулеріне дәрі дозасы өзгертілсе, енді біреулері қосымша тереңдетілген тексеруден өтуге жіберілді.
Дәрігерлер қатысушылардың бірінен — 45 жастағы әйелден — жүрек ақауына күдік тапты. Оған диагнозды нақтылау және қосымша тексеруден өту үшін кардиологиялық орталықта эхокардиография жасату, сондай-ақ кардиохирургтен кеңес алу ұсынылды.
Қан қысымыңызды қадағалап, медициналық тексеруден уақытылы өтіп тұрыңыз. Есіңізде болсын: ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай! Жүрегіңізді қамқорлық жасаңыз — ол сізде біреу-ақ.



