Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кардиохирургия бөлімшесінің аға медбикесі Г.Х. Жүсіпова, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі, Мәскеу қаласындағы «А.Н. Бакулев атындағы Жүрек-тамыр хирургиясының ғылыми медициналық зерттеу орталығы» базасында өткен Жүрек - қан тамырлары хирургтарының XXXI Бүкілресейлік съезіне қатысты.

Онлайн режимінде ол "Таза қол - таза жүрек: заманауи сын -тегеуріндер мен мейірбикелік шешімдер" секциялық отырысында "Ашық жүрекке операциядан кейінгі күтімнің ерекшеліктері" тақырыбында тартымды және танымдық баяндама жасады.
Баяндамада операциядан кейінгі асқынулардың дамуы үшін қауіп факторларының егжей-тегжейлі талдауы, алдын алу әдістері және ашық жүрекке операциядан кейін пациенттерге мейірбикелік күтімді ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері қамтылды.
Гүлмира Хабдулхамитқызы мейірбикелік күтімнің мақсаты – науқастың тәуелсіздігін сақтау және қалпына келтіру және организмнің негізгі физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, деп атап өтті. Науқасқа күтім жасау мейірбикеден шығармашылық көзқарасты, әрбір науқастың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, науқаспен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасай білуді талап ететінін атап өткен жөн.
Медбикелер жүргізетін профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығына, медицина қызметкерлері мен пациенттердің өзара әрекеттесуінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Медицина қызметкерлері мен пациенттердің бірлескен, үйлесімді жұмысы-табыстың кепілі!
Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кардиохирургия бөлімшесінің аға медбикесі Г.Х. Жүсіпова, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі, Мәскеу қаласындағы «А.Н. Бакулев атындағы Жүрек-тамыр хирургиясының ғылыми медициналық зерттеу орталығы» базасында өт
1 декабря 2025


