12 ноября 2026
ТРИХОФИТИЯ - ЖҰҚПАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЫ!

Трихофития теріні, шашты және тырнақты зақымдайды. Ауру адамнан, жануарлардан және ортақ тұрмыстық заттар арқылы жұғуы мүмкін.
Негізгі белгілері:
* Терідегі дөңгелек қызыл дақтар;
* Қышу және қабыршақтану;
* Шаштың сынуы және түсуі.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Жеке бас гигиенасын сақтаңыз, өзгенің тарағы мен сүлгісін пайдаланбаңыз, үй жануарларын үнемі тексеріп отырыңыз.
Күмәнді белгілер байқалса, өздігінен емделмей, дерматолог дәрігерге қаралыңыз!
Денсаулығыңыз - өз қолыңызда!


