Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына барды.
Кездесу барысында Сәуле Ордабайқызы орталықтың ағымдағы қызметімен, оның техникалық жарақтандырылуымен және бірегей медициналық мүмкіндіктерімен егжей-тегжейлі танысты
Кездесу кезінде орталықтың күнделікті қызметіндегі қиындықтар мен өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Бұл тақырыптарды бірлесіп талқылау және ашық диалог тиімді шешімдерді табуға әрі медициналық көмек сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Мұндай жұмыс сапарлары мен Үкімет Аппаратының тікелей қолдауы тиімді шешімдерді жедел табуға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға және, ең бастысы, пациенттеріміздің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.


