15 сентября 2025
Павлодар облысында тұмауға қарсы вакцинация маусымы басталады!
15 қыркүйектен бастап тіркелген жері бойынша емханаларда тұмауға қарсы екпе тегін алуға болады.
Вакцинация - бұл аурудың ауыр түрлерінен және асқынулардан қорғаудың ең сенімді әдісі, әсіресе қауіпті топтағы адамдар үшін.
Кешіктірмеңіз - өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға қадам жасаңыз.


