2025 жыл Қазақстанда жанкешті еңбегі мен өз ісіне адалдығы қоғамның мойындауы мен құрметіне ие болған барлық саланың мамандарына арналған. Бұл күнделікті еңбекқорлығы еліміздің дамуына ықпал ететін әрбір кәсіпқойдың маңыздылығын көрсетуге бағытталған маңызды бастама болды.
Біздің аса құрметті әріптесіміз, қоғамдық денсаулық сақтау саласының көрнекті өкілі Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов ерекше назар аударуға лайық.
Қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға қосқан үлесі, Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған қоғамдық іс — шараларға белсенді қатысқаны, белсенді қоғамдық ұстанымы, мемлекеттің өркендеуіне қосқан зор үлесі және ұзақ мерзімді мінсіз жұмысы үшін Тұңғышбай Бүркітбайұлы ерекше марапатқа – «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының құрмет грамотасына ие болды.
Біз осындай қызметкерді мақтан тұтамыз және әр маман біздің заманымыздың кейіпкерлері арасында өзінің лайықты орнын табатынына сенімдіміз!


