Бүгін атаулы күн – Қазақстан Республикасы күні қарсаңында кардиологиялық орталық осы атаулы күнге орай мерекелік іс-шара өткізді. Осынау айтулы мерекені атап өтуге орталық ұжымы жиналып, өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан әріптестерін құрмет тұтты.
Іс-шара ұжымдық бірлік пен ортақ жетістіктерді мақтаныш етудің жылы атмосферасында өтті.
Орталық қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі, адалдығы және кәсіби біліктілігі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, орталық әкімшілігінің және кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарына ие болды.
«Қазақстандық атеросклероз қоғамы» РҚБ Президентінен республикалық атеросклероз апталығына белсенді қатысқан дәрігерлер "Үздік білім беру белсенділігі" номинациясы бойынша сертификаттармен марапатталды.

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз және халық денсаулығын сақтау жолындағы игілікті істе табыс тілейміз!


