11 шілде 2018
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 11 шілде күні "Сау әдеттер марафоны" ұранымен: "Be healthy – Будь здоров - Денсаулық кепілі" атты кең ауқымды челлендж акция басталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 11 шілде күні "Сау әдеттер марафоны" ұранымен: "Be healthy – Будь здоров - Денсаулық кепілі" атты кең ауқымды челлендж акция басталды.
Челлендж (шақыру) үш негізгі іс-әрекеттерді қамтиды:
- үстелден 10 күн аралығында тұз салған ыдысты алып тастау;
- "Суды ішіңіз – денсаулық кепілі!" - 10 күн бойы тәулігіне 2 литр таза су ішу, таңертең асқорыту жүйесінің жұмысын іске қосу үшін, 1-2 стақан суды аз-аздан жұтып ішу қажет;
- күніне 10 000 қадам, 10 күн ішінде.
Орталығымыздың қызметкерлері денсаулығын нығайту және жүрек ауруларының алдын алу мақсатында, 10 күн ішінде күн сайын 10 000 қадам жүріп өтуді шешті.
Біз барлық қазақстандықтарды өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өз қолына алуға және акцияға қосылуға шақырамыз.
1 фото
/ 1
