Анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі ИННА ВЛАДИМИРОВНА ГЛОВАЦКАЯ "Парасат" Орденімен марапатталды, былайша айтқанда Игілік Орденімен.
Анықтама үшін
Парасат Орденімен Республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін марапаттайды.
Инна Владимировна еңбек жолының 30 жылын медицинаға арнады. Сенімді сарбаз сияқты, ол әрқашан жауынгерлік бекетте, науқастың өмірі үшін күрестің ең жауапты қатарында, ал науқастар оның шотында мыңдаған. Өйткені, ол облыстың барлық реанимациялық қызметіне жетекшілік етеді.
Алынған білімі мен заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, кез келген күрделі медициналық мәселелерді шешеді. Операциядан кейінгі науқастарды күтудің жаңа, неғұрлым тиімді әдістері мен схемаларын үнемі әзірлейді. Алынған білімдері мен тәжірибесімен тек қана өңірдің емес, бүкіл әлемнің жас мамандарымен бөліседі.
Ол әзірлеген схемалардың бірі Финляндияда, Еуропалық кардиоанестезиологтар конгресінде мақұлданған және науқастың седация алгоритмдерін әзірлеу кезінде негізге алынған.
Біздің әріптесіміз осындай еңбегіне лайық жоғары мемлекеттік сыйлық алғаның біз мақтан тұтамыз. Және оған жаңа жеңістер тілейміз!