Бүгін орталықта Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуын мерекелеу өтті. Бұл маңызды мемлекеттік құжат әрбір азаматтың құқығын қорғап, заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ететін құқықтық жүйеміздің іргетасы болып табылады.
Конституция – қоғамымыздың іргелі қағидалары, қоғамдық құрылымның, мемлекеттік билік органдарының негіздерін айқындап, еліміздің әрбір азаматының бостандығы мен қадір-қасиетіне кепілдік береді. Онда біздің әділдік, жеке меншікті қорғау, сөз және дін бостандығы құқығымыз бекітілген.
Бұл мереке ұлт денсаулығы үшін күнделікті еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін атап өтуге себеп болды. 30-дан астам қызметкер денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық орталық әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың кәсіпқойлығы, іске жанқиярлығы мен адалдығы құрмет пен алғысқа лайық болды.
Барша қазақстандықтарды осы маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз!
Бүгін орталықта Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуын мерекелеу өтті.
29 августа 2025


