Астана күнінің мемлекеттік мерекесі қарсаңында орталықта салтанатты жиын өткізілді.
Бұл мерекенің халқымыз үшін маңызды тарихи және мәдени мәні бар, еліміздің қарқынды дамуы мен жаңғыруын бейнелейді, сонымен қатар елорданың Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.
1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмоланың жаңа астана ретінде халықаралық тұсаукесері 1998 жылы өтті.
1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Республикада Астана күні қала елордалық мәртебесін алған 1998 жылдан бері тойланып келеді.
Бұған дейін бұл мереке қалалық деңгейде 10 маусымда тойланатын.
2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.
Мәжілістің бастамасы бойынша (Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы) Астана күні мемлекеттік мереке ретінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы 47-IV «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бекітілген.
Астана күнінің мемлекеттік мерекесі қарсаңында орталықта салтанатты жиын өткізілді
5 июля 2024