Қазақстан Республикасының халқы арасында 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенов,
тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, елде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы иммундау науқаны басталады. Павлодар облысына Ресейде өндірілген 80 мың Гриппол вакцинасы жеткізіледі.
Гриппол® Плюс – тұмаудың алдын алуға арналған үш валентті вакцина, ол профилактикалық егулерге арналған. Тұмауға қарсы вакцина ДДҰ ұсынымдары мен тұмау вирусының жекелеген штамдарының айналымының өзектілігі туралы болжамдарына сәйкес ең көп зерттелген және үнемі жаңартылып отыратындардың бірі болып табылады. Тәуекел топтарға екпе тегін медициналық көмектің кепілдіік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.
5 жасқа дейінгі балаларға, 60 жастан асқан қарттарға, денсаулық сақтау қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары бар адамдарға.
Сақтандырылған азаматтар вакинаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті аясында ала алады. Тұмауға қарсы вакцинаны салдыруға қарсы көрсетілімдер:
• Тауық протеиніне және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар.
• Бұрын енгізілген тұмауға қарсы вакциналарға аллергиялық реакциялар.
• Жедел қалтырау жағдайлар немесе созылмалы аурудың өршуі (вакцинация сауыққаннан кейін немесе ремиссия кезінде жүргізіледі).
•Жеңіл жіті респираторлық вирустық инфекциялар, жіті ішек аурулары (вакцинация температура қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі).


