1 қазан – Қазақстанда Халақаралық Қарттар күні.
Халық қарттық – алтын уақыт десе, біз білетін күз мезгілі де алтын мезгіл саналғандықтан, күз мезгілінің қызған шағында аға ұрпаққа ерекше бір күнді арнау ұйғарылды.
Бұл күні аға буын өкілдеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Сіздің тәжірибеңіз болашақ ұрпақ үшін баға жетпес құнды, біз сіздердің мұраларыңыздың лайықты жалғастырушысы болуға ұмтыламыз. Сіз бүгінде лайықты зейнеткерлікке шыққанда, бар біліміңіз бен тәжірибеңізді өскелең ұрпаққа беруге дайын белсенді өмірді жалғастырып жатырсыз.
Ата-аналарымызға, ата-әжелерімізге, ардагерлерге, зейнеткерлерге еңбектері үшін, ақыл-парасаты мен махаббаты үшін алғысымызды білдірейік!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға тыныштық пен жылулық, ұзақ ғұмыр, өмірдің қызығын тілейміз!


