Бізде маңызды оқиға және мақтануға тұрарлық себеп бар!
2026 жылғы 20 қарашада Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына 5 жыл мерзімге «Инфекциялардың алдын алу және оларды бақылау бойынша озық технологиялар клиникасы» деген құрметті мәртебе берілді!
Бұл – біздің Орталығымыздың инфекциялардың алдын алу және оларды бақылау саласында аккредиттелген медициналық ұйым ретінде ресми түрде танылғанын білдіреді.
Бұл жетістіктің артында ұжымның күнделікті қажырлы еңбегі, жауапкершілік, кәсібилік және жоғары қауіпсіздік стандарттарына адалдық жатыр.
Инфекциялық қауіпсіздік — бұл жай ғана талаптар мен ережелер жиынтығы емес. Бұл — жоғары сапалы медициналық көмектің маңызды құрамдас бөлігі; ол пациенттер мен қызметкерлерді қорғауды және баршаның денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Орталықтың бүкіл ұжымын осы елеулі жетістігімен құттықтаймыз!


