Қызметінің бағыты
Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі
2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірген. "Болашақ" бағдарламасы аясында "А.Н. Бакулев атындағы Ұлттық медициналық жүрек-қан тамырлары хирургиясы зерттеу орталығында" клиникалық ординатурадан өтті, Мәскеу қ., Ресей. Клиникалық ординатураны бітіргеннен кейін Астана қ. «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» кардиохирург болып еңбек етті. Орталықтың құрылысы басталған кезде Павлодарға шақырылды. Осы жылдар ішінде әріптестерімен бірлесіп бірнеше инновациялық технологияны өз бетінше енгізді. Олардың бірі – толық артериялық шунттау, шунттау кезінде вена емес, артерия алынады. Бұл әдістеменің үлкен артықшылығы мынада, шунттар 90% жағдайда 10 жылға жуық жұмыс істейді, ал венадан жасалған шунттар дәл осындай мерзімде 75-80% жұмыс істейді. Германия, Қытай, Литва, Беларусь, Ресей және Қазақстанның жетекші кардиологиялық орталықтарындағы әріптестерімен белсенді жұмыс істейді.