Заманауи ота жасайтын бөлімінде күніне 6 жоспарлы ота жасауға мүмкіндік бар. Ота жасау бөлімі таза бөлмелердің қағидаты бойынша салынған, периоперациялық жұқпалы асқынулардың алдын алу үшін «таза» және «кір» аймақтарға бөлінуімен. Операциялық бөлімнің құрылғысы: 3 операциялық залы (2-і ересектерге және 1-і балаларға), ота жасар алдындағы, залалсыздандыру, жуу, наркоздық, аппараттық, қажетті құралдармен жабдықталған жасанды қанайналым аппаратурасының бөлмесі, қосалқы бөлмелер, қоймалар, қызметкерлер бөлмелері, шлюздар.
Жоғары сапалы жабдықтармен жасақталған операциялық бөлімге кіреді:
- операциялық бөлмелерде берілген тұрақты температураны ұстайтын ағымды-тартқыш ламинарлы ауа стерилизаторлары, былай атағанда «микроклимат»;
- хирургтерге арналған заманауи маңдайлық жарық беруші;
- аспалы төбе консолі, дәлме-дәл жайғастыру мен мониторларды, инфузоматтарды және басқа медициналық құралдарды орналастыру мүмкіндігімен;
- оттегі, ауа қоспасы және т.б. медициналық газдардың орталықтандырылған жіберуі, берілетін қысымның датчигі, индикаторларымен;
- биіктікті, еңкейту бұрышын реттейтін электр және гидравликалық реттеу механизмдерімен заманауи операциялық үстелдер;
- әрбір ота жасайтын бөлімде жоғары технологиялық бірегей медициналық құралдар, мысалы «General Electric» (АҚШ) фирмасының өкпені жасанды вентиляциялау аппараты Datex Ohmeda, сонымен қатар «Maquet» (Швеция) фирмасының жасанды қанайналым аппараты HL20,
- аутогемотрансфузия аппараты C.A.T.S. (Cell Saver) «Fresenius Kabi AG» (Германия), қан параметрлерінің толық жиынтығын лезде анықтайтын, қанның қышқыл-сілтілі жағдайының автоматты талдауышы ABL800 Flex Radiometer фирмасының (Копенгаген, Дания).