КЕҢЕСТІК – ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕ
Тексерілу және консультацияларға жазылу 8 (7182) 390 800, +7778 046 80 87 нөмірлер бойынша жүргізіледі
Кеңестік-диагностикалық бөлімше ересектер мен балаларға білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бөлімшеде 4 ультрадыбыстық диагностика кабинеті бар (3 жүректің УДЗ, 1 өзге де органдар), 3 сәулелік диагностика кабинеті (рентген, КТ кабинеті, МРТ кабинеті), 4 функционалдық диагностика кабинеті (1-ЭКГ, 1 - Холтер мониторингі, 1-СМАД, 2 –тредмил тест), 1 эндоскопиялық қабылдау кабинеті, емдеу кабинеті, 4 ересектерге арналған кардиолог кабинеті, 2 балалар кардиологы, 1 аритмолог дәрігердің кабинеті.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
Сапаны, қолжетімділікті, үздіксіздікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дәлелді медицина негізінде пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын халыққа диагностикалық және кеңес беру қызметтерін көрсету. Біздің қызметіміздің басым бағыты аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын насихаттау және дамыту, халықты өз денсаулығына саналы қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.
Бөлімшенің негізгі функциялары:
· профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және пациенттердің денсаулығын ұзақ мерзімді бақылаудың кешенді қағидаттарын енгізу арқылы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға негізделген білікті медициналық көмектің жоғары сапасы.
- ең жоғары құндылық – жеке көзқарасты қалыптастыру, медициналық көмек көрсетудің сенімді қағидатын енгізу арқылы денсаулықтың оңтайлы деңгейін сақтауға және жақсартуға қол жеткізудегі пациенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- қызметкерлердің өз әлеуетін толық іске асырумен кәсібилігі мен құзыреттілігі бөлімнің басты құндылығы мен жетістігі болып табылады
- ғылыми жетістіктерге негізделген инновациялық технологияларды енгізу – біздің тұрақты дамуымыздың кепілі.