- Ординатор кабинетінің телефоны: 65-38-14
Науқастарды күрделі отадан кейін күтуге мүмкіндік беретін АҚШ, Германияда өндірілген заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Наркоздық, тыныс алу аппаратурасы, қан қысымын, тамыр соғуын, тынысты, қызуды өлшейтін, жүрек ырғағының, тыныс алудың бұзылушылықтарын тіркейтін16-арналық өлшеуіш мониторлар.
Анестезияда қолданылатын заманауи құралдар мен әдістер ота жасау кезінде пациенттің максималды қауіпсіздігін қамтиды.
Ламинарлы-сорғыш вентиляция жүйесі ауаны зарарсыздандырады, бөлмелердің температурасы мен ылғалдылығының тұрақтылығын қамтиді, бұл отадан кейінгі алғашқы кезеңде жайлылықты, ірің-септикалық асқынулардан сақтануды қамтамасыз етеді.
Балалардың анестезиология-реанимация бөлімшесінің бірегейлігі, салмағы 500гр балаларды күтуге мүмкіндік беретін заманауи құралдар мен аппаратурамен жасақталған.
Қазақстан Республикасының қайсы бір ауданынан жаңа туған балаларды, оның ішінде күні жетпей туғандарды тасымалдайтын транспорттық кувездері бар.
Жан сақтау бөлімше экстракорпоралдық қанайналым бөлімшесімен және ота жасайтын бөліммен тығыз байланысады.