ЭКСТРАКОРПОРАЛДЫ ҚАН АЙНАЛЫМЫ МЕН ТРАНСФУЗИЯ (ЭҚиТ) ЗЕРТХАНАСЫ БАР ОТА БЛОГЫ
Ота блогында жыл сайын 1000-нан астам операция жасалады.
ЭҚиТ қызметі – операция кезінде ағзаны тірі жағдайда сақтай отырып, жасанды жолмен қан айналымын қамтамасыз етуге бағытталған.
Павлодар облысында жасанды қан айналымы алғаш рет біздің орталықта қолданылды.
Ота блогы таза аймақтар принципі бойынша салынған, яғни операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін «таза» және «лас» аймақтарға бөлінген.
Құрылымдық тұрғыда ота блогы 2 операциялық, ота алдындағы бөлме, стерилизация бөлмесі, жуу бөлмесі, наркоздық, аппараттық, жасанды қан айналымына арналған жабдықтар орналасқан арнайы бөлме, қосалқы бөлмелер, қоймалар, персонал бөлмелері және шлюздерден тұрады.
Ота блогының жоғары сапалы жабдықталуына мыналар кіреді:
- хирургтерге арналған заманауи маңдайшам шамдары;
- операциялық бөлмелерде тұрақты температураны ұстап тұратын ламинарлы ауаны стерилизациялайтын сорғыш-желдеткіш жүйесі, яғни «микроклимат»;
- мониторлар, инфузоматтар және басқа медициналық жабдықтарды орналастыруға және дәл позициялауға мүмкіндік беретін төбеге ілінетін консольдер;
- оттегі, ауа қоспасы және басқа да медициналық газдардың орталықтандырылған берілуі, қысымды көрсететін датчиктер мен индикаторларымен;
- заманауи екі орындық хирургиялық жуғыштар;
- қолға арналған қағаз сүлгілерді автоматты түрде беретін аспалы құрылғылар;
- биіктігін және еңкею бұрышын электрлік және гидравликалық механизмдер арқылы реттеуге болатын заманауи операциялық үстелдер;
- әрбір операциялықта жоғары технологиялық бірегей медициналық жабдық: АҚШ-тың «General Electric» фирмасының Datex Ohmeda өкпені жасанды желдету аппараттары, сондай-ақ Швецияның «Maquet» фирмасының HL20 жасанды қан айналымы аппараттары;
- Германияның «Fresenius Kabi AG» компаниясының C.A.T.S. (Cell Saver) аутогемотрансфузия аппараты; Данияның Копенгаген қаласындағы Radiometer фирмасының ABL800 Flex қанның қышқыл-негіз жағдайын автоматтандырылған анализаторы, ол қанның барлық параметрлерін жедел анықтауға мүмкіндік береді.