Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмағандарға медициналық көмекті алу құқығы ұзартылғандығы туралы хабарлайды
ӘМСҚ-ға аударымдар мен (немесе) жарналар түсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмағандарған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды», - деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қасымов атап өтті.
Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары, МӘМС қатысушы статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті алуына тиіс деп түсіндірді Қор филиалында.
Қазір елде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы - әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған. Павлодар облысына келетін болсақ, әлеметтік осал топтардың саны 381 мыңды құраса, 326 мыңнан астамы Қордың төлемшілері статусына ие. Ал біздің өңіріміздің Қордағы үлесі 13 жарым миллирд теңгеге жуық құрады.
Қорға түскен қаражат медициналық қызметтердің құнын төлеуге бағытталады.
Қазақстанда МӘМС жүйесі 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтердің тұтынуы өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс бар.
Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана, олар бойынша ақысын төлейді.
Жеңілдікті кезеңінде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Павлодар облысы бойынша
филиалы