31 января 2023
Бүгін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кардиология орталығының ұжымы үшін халықтың табысы мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру сұхбатын өткізді.
Департамент қызметкерлері декларацияны тапсыру және толтыру ережелерін, тапсыру мерзімдері мен тәртібін түсіндірді.